Криминалистика

Мүндай жағдайларда қылмыс жасады деп сезік тудырған адамды ұстау үшін прокурордың рұқсаты талап етілмейді. Анық- тау органы тек сезіктелушінің қандай негізде ұсталғанын көрсетіп хаттама жазуға және бұл жөнінде занда көрсетілген мерзім ішінде прокурорға хабарлауға міндетті. Негізсіз ұстау заңдылықты өрескел бұзғандық болып есептеледі. Сондықтан бұған мейлінше сақ болу керек. Егер қылмыстық іс тергеу үстінде болса, онда кылмыс жасағаны ту- ралы сезік тудырған адамды ұстау мәселесін ең алдымен тергеуші шешеді. Үстаудың тактикалық әдістері криминалистика ғылымында тәжірибеге негізделіп жасалады. Тактикалык жағынан, сезік тудырушылар жеке-жеке және тобымен ұсталуы мүмкін. Тобымен ұстау көп жағдайда қиынға түседі. Үстаудың мұндай түрінде сезіктелуші және оның сыбайластары тобымен немесе жалпы қылмыстық іске қатысы жоқ, дегенмен, әр түрлі себептермен кылмыс жасалған жерде бірге болған бірнеше сезік тудырушылар бір мезгілде күзетке алынады. Сондыктан олар- ды тобымен емес жеке-жеке, яғни олар әр жерде бөлек жүрген кезде үстау тактикалық жағынан тиімді. Бұл мақсатга алдын ала қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуі мүмкін. §2. Ұстауға әзірлік Үстауға дайындык дегеніміз не? Ол үсталуға тиісті сезіктелу- шінің жеке басын, оны үстау көзделген жердің жағдайын зерт- теу; устаудың жоспарын жасау; жедел топты жасақтау, жабдык- тау және оған нұсқау беру. Үсталуға тиісті сезік тудырушының жеке басын зерттегенде қылмыс жасаған кездегі оның әрекегінің қаншалыкты катыгездігі, қауіптілігі, оныңбойында каруының бар-жоқтығы, бүрын ауыр қылмыс жасаған не жасамағандығы, сондай-ақ бұған дейін «полиция кызметкерлеріне қарулы карсылык көрсеткен жоқ па, дәл қазір оның осындай әрекетке баруы мүмкін бе», міне осы мәселелердің бәрі егжей-тегжейлі зерттеледі. Осыған коса, оның күнделікті тұрмыс-тіршілігі, өмір салты, мінез-кұлкы, уақытын қайда, қалай өткізетіні, әдетте, қайда, қалай жүріп баратыны, қылмыстык байланысы, т.б. тексеріледі. Аталған әрекеттер ұстау кезінде қылмыскердің қалай әрекет ететінін дәл болжап, соған орай тиімді қимыл жа- 20-846 305

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==