Криминалистика

Дайындық және тексеруді өткізу кезінде айыптадушының оқиға болған жерге баруға ішкі есеппен келісім беруі дс мүмкін екендігін, оның ақиқатты ашуға шын ниетімен көмектесуге ықылас білдіруімен бірге, ретін тауып күзетшіден сытылып, құтылып кетуге, қандай жолмен болсын сыбайластарымен бай- ланыс орнатуға, окиға болған жердегі ізді өшіріп жіберуге не- месе тергеушінің әлі неге назар аудармағанын білуге тырыса- тынын естен шығаруға болмайды. Аталған тергеу әрекетіне дайындык кезеңі әрекетке қаты- сушыларға тиісті нүсқау берумен аяқталады. Онда тергеу әрекетінің максаты мен тәртібі, катысушылардың кұкығы мен міндеттері түсіндіріледі. Әсіресе, келесі мәселелерге айрықша назар аударылады: а) жауабы тексерілетін адам тергеу әрекетіне қатысушылар- дың барлығының алдында жүреді, жүріс бағытын анықтайды, бүрынғы жауабында айтқан учаскелер мен заттарды көрсетеді; ә) барлык ұйымдық мәселелерді тек тергеуші ғана шешеді; б) жауабы тексерілетін адамға сұрақ тек тергеушінің рұқса- тымен беріледі, қандай әрекет болсын ол тек тергеушінін нүска- уымен жасалады. Тергеуші де өз әрекетіне өте мұқият карауы, яғни өзіне икемдейтіндей әрекеттен немесе сұрақтан сактануы тиіс. Егер бүл талап орындалмаса, айыпталушы немесе куә тергеушінің айтканына ілесіп, оның сүрақтарын мақұлдай беретін болса тер ­ геу әрекетінің текке кеткені. Әдетте, алдын ала жүргізілген тер ­ геу кезінде тергеушінің ақиқатқа көзі жеткен, тек оны оқиға болған жерде «нықтай» түсу кажет болғанда ғана мұндай әдістің колданылуы мүмкін. Жауабы тексерілетін адам тергеу бойынша жүретін жолды өзі анықтап, токтайтын жерді өзі белгілеп, сол жерде өткен оқиға туралы айтып беруі керек. Бүл белгілі бір объектілерді көрсету- ге де катысты. Айталық, айыпталушы қылмыс жасаған бөлмеге оның кай терезесінен кіргенін көрсетуі тиіс делік. Мұндайда: «Сіз мына терезе арқылы кірдініз бе?» деп сұрак қоюға болмай ­ ды. Өйткені мұндай сұрақжауап берушіні тергеушінің ыңғайы- на құлауына итермелейді де, ақиқат толык ашылмай қалуы мүмкін. Ал, егер тергеуші айыпталушынын бөлмеге осы тере- земен кіргеніне сезік келтірсе, ол айыпталушыдан болған оқиғаны кайталап көрсетуін сұрайды. Мүндайда, айыпкер жал- ған жауап берсе, абыржып, айтқанын дәлелдей алмауы немесе шындыкты мойындауы мүмкін. зоз

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==