Криминалистика

тынын не жатпайтынын анықтауға көмектеседі. Айталық, сезікті адам өзінің окиғадан бұрын осы жердегі алдында тұрған ордан секіріп, тоғай жаққа кетіп қалғанын алдында берген жауабында айтқан болатын. Оқиға болған жерге келіп, қай ордан секіріп тоғай жакка кеткенін көрсетуге келгенде 4 м ордан секіріп ке- туге болмайтындығына көзі жеткен соң шындығын айтуға тура келді. §2. Айгақтарды оқига болган жерде тексеру мен нактылаудын кезеңдері мен тәсілдері Куәден бе, жәбірленушіден бе, жоқ әлде айыпксрден бе кімнен жауап алынатынына орай айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау үстінде әр түрлі әдістер колданылады. Сондай-ақ, дайындық жүмыстары жүргізілгенде колданылатын тактикалық әдістер белгіленіп, әдіс іріктелуі мүмкін. Тергеуге кірісер алдында тергеуші жоспар кұрған кезде мұны мұқият ескеруі тиіс. Яғни, жоспарда тергеу әрекетінің мақсаты дәл анықталып, қылмыстық істің жедел-іздестіру шаралары кезінде жиналған материалдары мұқият зерттелуі тиіс. Егер тсргеушіге дәлелдемелердің тексерілетін жері белгілі болса тергеу әрекетін өткізу жоспарын нақтылау үшін ол сол жерге алдын ала барып, алдағы жүмыстың бүкіл барысын пы- сыктауы керек. Егер тексеру бірнеше жерде өткізілетін болса, оған катысушылар онда дер кезінде жеткізілетін көліктің түрлері әзірленіп, тексерудің кай кезінде кімді қай жерге, кандай мак- сатта орналастыру кажеттігі айкындалуы кажет. Дайындық кезінде жедел топтың құрамы белгіленеді. Оның кұрамына тергеуші және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлерімен бірге ізге ит салатын кинолог, сондай-ақ ма- ман-криминалист, сот-сарапшысы басқа да қажетті мамандар енгізілуі мүмкін. Содан соң куәгер адамдар қатыстырылады. Оларды іріктегенде тексерілетін істін күрделілігі ескерілуі тиіс, өйткені олар тексерудегі жағдайды түсініп, есте сақтай алатын- дай, кейін қажепілік туындаса жүргізілген әрекеттің мазмұны мен нәтижесін баяндап бере алатындай болуы керек. Егер қосымша куәгерлерді бір жерге бірнеше рет шақыру кажет бол ­ са, олардың екінші қайтара шақырылмауын ескерген жөн. Куәні немесе айыпталушыны окиға болган жерге олардын келісімімен ғана шығару керек. » 302

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==