Криминалистика

анықтау әдісі тергеу тәжірибесінде колданылатын, оны жауап алудың жалғасы, ерекше түрі деп есептейтін. Кейінірек бұл іске керекті дәлелдеме іздеу әдісі дербес процессуальдық тергеу әрекеті есебінде занда көрсетіліп, тергеуде жиі колданылатын болды. Әрине, бұл тергеу әрекетін жүргізгенде баска тергеу әрекетінің кейбір элементтері, әдістері де қолданылады. Бұл тергеу әрекетін жүргізу үстінде жауап та алынады, іздерді карау әдістері де қолданылады, кей жағдайда тергеу тәжірибелері де өткізіледі. Осыған байланысты бұл тергеу әрекеті жауап алу- мен де, оқиға болған жерді қарау, тергеу экспериментімен де көп ұқсастығы бар. Бірақ мұнда тергеу әрекетінің тек жекеле- ген кейбір әдістері ғана аралас колданатындыктан айғакты окиға болған жерде тексеру мен нактылау өзіне тән ерекшеліктері бар, дербес тергеу әрекеті деп саналады. Айталык, окиға болған жерде тергеудің жауап алудан айыр- машылығы мынада: окиға болған жерде тексеру айғак адамдар- дың катысуымен жүргізіледі, жауапта көрсетілген деректер окиға болған жерде кайтара тексеріліп, кейбір жауаптағы мәліметгерді кимыл-әрекеттермен баяндап көрсетеді. Ал, тану үшін корсету тергеу әрекетімен салыстырғанда, айғақты окиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың ерекшелігі - танушы оқиға болған жерді, ондағы объектілерді танумен ғана шектелмейді, сонымен бірге ондағы өзі байқаған кейінгі өзгерістерді де баяндайды, өзінің, кейде окиғаға баска да каты- сушылардың жекелеген әрекеттерін қимыл үстінде көрсетеді. Бүл тергеу әрекетінің ең басты ерекшелігі сол, жауап алу кезінде шындықты аныктай түсу, жаңа дәлелдемелер алу мақ- сатында тергеуші окиға болған жерді, жекелеген объектілерді жауап берушіні катыстыра отырып тексереді, егер қажеттілік туындаса оқиға болған кездегі жағдайды қалпына келтіріп, пы- сықтайды. Егер тексеру кезінде айғақтық жаңа заттар, іздер та- былса тергеуші оны да іске пайдаланады. Бір мысал келтірелік: А. бір пәтерде мүлікті үрлағаны үшін жауапқа тартылды. Тағылған айыпты мойнына алып, кылмыс жасаған жерін көрсстуге ықыласын білдірді. Осыған байланыс ­ ты окиға болған жерге келгеңде А. есікті қалай бұзғанын, құлып- ты кайда лактырғанын, ондағы заттарды кай жерлерден (шкаф- тан, серванттан, т.б.) алғанын пәтер жабдықтарының нақты кай жерде тұрғанын көрсетіп берді. Айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, сондай- ақ алдын ала тергеу кезінде берген жауаптың шындыққа жата- 301

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==