Криминалистика
қатысушылардың тану үшін көрсету кезіндегі тергеушінің әрекетіне және басқа да жекелеген жағдайларға байланысты ескертулері айтылады. Мысалы, танушы хаттамада танудың дұрыс-бұрыстығы туралы жазылғанын қаласа, ол қыскаша түрде көрсетілуі тиіс, хаттамаға тергеу әрекетіне қатысушылар қол- дарын кояды. Хаттамаға тіркелген фотосуреттер кестеленіп, оны тергеуші куәландырады. Әр түрлі объектілерді тану үшін керсетудің нәтижелері бо- йынша сезік келтіруші мен айыпталушының айыбын ашатын немесе ақтайтын дәлел де, жанама да дәлелдемелер алынуы мүмкін. Алайда, мұны негізге алу үшін тергеушінің бұл нәтижелерді қайтара өте мұқияттексеріп алғаны жөн. Ол оның алдында баска да тергеу әрекеттері кезінде алынған немесе жаңа дәлелдемелермен салыстыру аркылы жүргізіледі. Мұндайда са- раптама, тергеу эксперимент!, окиға болған жерді карау тағы баска да тергеу әрекеттері қолданылады. VII т а р а у АЙҒАҚТАРДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ МЕН НАҚТЫЛАУ ТАКТИКАСЫ §1. Айғақтарды оқига болган жерде тексеру мен нақтылаудыц түсінігі Кылмыстық істерді тергеу үстінде көп жағдайларда куәнің, жәбірленушінің, айыпкердің берген жауаптарын окиға болған жерге барып анықтап, тексеруге тура келеді. Осындай тексеру аркылы тергеуші жауаптағы мәліметтерді оқиғаның болған жеріндегі накты жағдаймен, ол жердегі объектілердің орналасуымен салыстырып, жауапта айтылған мәліметтер шындықка жата ма, жоқ па деп сынап көреді. . Осындай карау үстінде жауапта айтылған жерді, онда орна- ласкан объектілерді тергеуші өз көзімен көріп, олар жөнінде толық акпарат алады. Айтылған жауапты тексеру аркылы, оқиғаның болу жолын, осы жердін ерекшелігімен, жағдайымен салыстырып, мүндайда қандай іздер қалады, олар қай жерде қалуы мүмкін деп болжап, іс бойынша жаңа деректер, дәлелде- мелер тауып алуы мүмкін. 1960 жылға дейін процессуальдық занда мұндай тергеу ә^екеті жоқболатын. Біракайғакты оқиға болған жерге шығып 300
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==