Криминалистика

жаңағы адамның есіндегі белгілерге калай сәйкес келетіндігін түсіндіру сұралады. Осылай тәптіштеп жауап алу арқылы тану- шының дәлелдемесін аныктауға болады. Мәйіттің суретін көрсеткенде ғана мұндай үқсас суреттер іріктелмейді, яғни та- нушыға тек мәйіттің суреті ұсынылады. Қазір жеке объектіні анықтау үшін фотосуреттерді жинақ- тап және бейнені колмен салып, сондай-ақ бас сүйекті қайта құрап түсірілген суреттер де көрсетіліп жүр. Бірақ азаматтарға үсынылған мүндай суреттерді танудың негізі ретінде қабылдауға болмайды, өйткені кылмыстық іс жүргізу зандылығы бойынша тек тікелей объектінің өзі немесе оның фотосуреті ғана тану үшін көрсетілуі тиіс. §9. Тану үшін корсетудін нәтижелерін бекіту Тану үшін көрсетудің барысы және нәтижелері туралы хат- тамада жазылады. Хаттама үш бөліктен - кіріспеден, баяндау мен корытындыдан тұрады. Кіріспеде объектіні тану үшін көр- сетілген жер мен уакыт, бұл әрекетке катысқан басқа да адам- дар туралы мәліметтер көрсетіледі. Онда сондай-ак көрсетуге ұсынылған ұксас адамдар мен заттардың сырткы белгілері суреттеледі. Хаттаманың бұл бөлігінде қатысушыларға тергеу әрекетінің мәні түсіндірілгені, куә мен жәбірленушінің жауап беруден жалтарғаны немесе жалған жауап бергені үшін жауап- ты екендігі ескертілгені туралы айтылады. Жауап диктофон жазбасына жазылатын болса, бұл туралы да танушыға ескер- тілгені баяндалады. Хаттаманың баяндау бөлігінде тану үшін көрсетілген жердегі жағдай, көрсетілген адамдардың (заттардың, малдардың) калай орналастырылғаны, жарықтың қалай түскені мен күші, уақыты туралы мәліметтер жазылады. Одан әрі танушының дәлелде- мелері қағазға мүмкіндігінше егжей-тегжейлі түсіріледі. Тергеу- шінің ақиқатты анығырақ аша түсу үшін қойған сұрактары, әдет- те, хаттамада көрсетілмейді, ол жалпы әңгіме түрінде беріледі. Егер объект танылмаса хаттамада мұны танушының баяндаға- ны айтылады. Айталық: ол мұнда ізделген объектінің жоқты- ғынан әрекетке қатысушылардың бірде-бірі оны танып, корсе ­ те алмады немесе ешкім объектіні есіне түсіре алмады десе мұның бәрі танушының айтуымен, бірінші жакта беріледі. Хаттаманың қорытынды бөлігінде қолданылған ғылыми-тех- никалык құрал-жабдықтар туралы көрсетіледі. Бұл бөлікте 299

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==