Криминалистика
Тәжірибеде басқа да жайттар кездеседі. Танушы адам затгы тану үшін көрсету кезінде алғашқы берген жауабында айтыл- маған ерекше белгілерді келтіруі мүмкін. Мүндайда ол мұны алғашкыда неге келтірмегенін дәлелдеп, негіздеуі тиіс. §6. Түрғын үй, бәлмені не жер учаскесін тану үшін керсету ерекшеліктері Кейбір қылмыстарды тергегенде пәтерді, жеке бөлмені, ал кей жағдайдабір жер учаскесін көрсетуге тура келеді. Осындай объектілерді көрсету арқылы кылмыс жасалған жерді анықтап, білуге болады. Айталық, жәбірленуші қылмыс жасалған үйдің мекен-жайын білмейді. Бірак пәтердің жасауы, бөлмелердің орналасуы және баска ойында қалған белгілер бойынша қыл- мыстың осы пәтерде жасалғанын танып біле алады. Мұндай жағдайда оған осы пәтерге ұқсас тағы екі пәтер бірге көрсетіліп, жәбірленушінің айтканы тексеріледі. Жеке жер учаскесі де осындай әдіспен көрсетілуі аркылы қылмыстың қай жерде бол- ғандығы аныкталады. Әдетте, пәтер мен жер ең соңында көрсе- тіледі. Мысалы, әуелі қылмыс болды-ау деген жер мен пәтер емес, осыған ұқсас пәтер мен жер көрсетіледі. Қорытындысын танушы адам акырында бәрін көріп біткеннен соң айтуы тиіс. §7. Малды тану үиіін көрсету ерекшеліктері Әр малдыңөзіне тән сыртқы белгілері бар. Сондықтан мал- дың ұрланғаны туралы қылмыстық іс қозғалғанда оның осы сыртқы белгілсрін білетін жәбірленушіге немесе куәге тану үшін мал да көрсстіледі. Көрсету объектісі рстінде малдың өзімен бірге оның мүшелері - басы, сирағы, тұяғы, терісі, т.б. пайдала- нылады. Тергеу әрекетінің бұл түрін колданғанда да жалпы заң- дылық қатаң сакталуы тиіс. Айталық, мал тек ұрланған малдың сырткы белгілерін жақсы білетін адамдарға ғана көрсетілуі тиіс. Тіпті, кейбір қажеттілік туған кезде малдың тұқымын, жасын дәл анықтау үшін бұған арнаулы мамандар, мысалы, мал дәрігерлсрі де шакырылады. Мұндайда танушы адамдар бұрын жауап алынған куәлер, жәбірленушілер, сезіктілер де болуы мүмкін. Сондыктан ұрланған малдың белгілері туралы бұрын жауап алынбаған адамдардыңдәлелдемелері айғақтық мәнге ие бола алмайды. Сондай-ақ, көрсету кезінде малдың көруші адам- ға байқатқан мейірім райының мәні үлкен болғанмен, ол да айғақ ретінде пайдаланылмайды. 297
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==