Криминалистика

адамдары болуы мүмкін. Сондықтан мәйітгі көріп, тану олар- дың көңіліне өте ауыр сезім туғызады. Осыған орай тану үшін көрсетер алдында сот сарапшысына мәйітті белгілі бір калыпқа келтіруге ұсыныс жасалады. Тергеу тәжірибесінде кей жағдай- ларда, өздерінің хабар-ошарсыз кеткен туыстарын «біреу өлтіріп кетті ме» деп күдіктенген тұлғаларға аты-жөні белгісіз мәйіт көрсетіледі. Егер олар мәйітті танып, оның кім екенін айтса, тергеуші осы жөнінде хаттама жазып, осы адамнан жауап алады. Мәйітті тану үшін корсету тергеу әрекеті занды түрде жүргізілсе тергеуші танушыдан мәйітті қандай бет келбетінің, дене кұрлысының ерекшеліктерінен танығандығы жөнінде анықтап сұрауы керек. Мәйіттің өзі ғана емес, оның жеке дене мүшелері де тану үшін көрсетілуі мүмкін. Мүндай жағдайда осы дене мүшесінің қандай ерекше белгілері бойынша танылғандығы аныкталып, хаттамаға жазылады. §5. Жеке заттарды, бүйымдарды және басқа да объектілерді тану үшін корсету ерекшеліктері Тергеу барысында, тінту жүргізілгенде, не сезікті адамды ұстағанда алынған заттарды жәбірленушіге, не куәге көрсету қажетболады. Мұндай жағдайда тергеуші осы адамдардан ұрлан- ған заттардың белгілері туралы алдын ала жауап алып, анықтап сұрайды. Егер жауап беруші куә болса, одан ол затты қандай жағдайда көргені де сұралады. Тануға көрсету үшін бұл затсол тектес басқа заттардың арасында танушыға көрсетіледі, егер ол көрсетілген затты таныса, оны нақты қандай белгілері бойын ­ ша танығандығы сұралып, анықталады. Кей жағдайда тану кезінде заттарды танушы адамның белгілі бір жағдайларға, не себептерге байланысты қате жауап беруі де мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Мысалы: танушы адам білімінің төмендігінен, көрсетілген киімнің қандай мате- риалдан тігілгенін, оның бояуын немесе үлгісін дәл анықтап, айтып бере алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда алдын ала жүргізілген тергеу әрекеті негізінде алынған жауапты затты тану үшін корсету кезіндегі жауаппен салыстырып, олардың бір- біріне сәйкес, не қайшы келетін жерлерін аныктау керек. Со- дан сон осы сәйкестік немесе кайшылықка орай тиісті маман- дарды шақырып, акылдасқан жен, ал заттарды танушы адамнан қайта жауап алып, одан алғашқы жауабында жіберген қатесінің србебін аныктап, мәселеніңанық-канығына көз жеткізу кажет. 296

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==