Криминалистика

Функционалдык (динамикалық) белгілерге — дауысы, тіл ерекшеліктері, жүрісі, аяқ алысы және баска да дене қимылы- ның ерекшеліктері жатады. Адамдарды кім екенін тану үстінде, сонымен катар кейде косымша белгі есебінде оның киімі, көзілдірік киісі, сақал, мұрт қоюы, тағы баска да жалпы бейнедегі барлык ерекшеліктері пайдаланылады. Тану үшін көрсету жүргізілгенде осы көрсетілген белгілер бойынша белгілі адам танылса, оны бейнелеп, сипатгап айту кейде танушыға ©те қиынға түседі. Осыған байланысты тергеуші криминалистикада колданылатын әдісті — «ауызша суреттеу» әдісін қолдануы керек, яғни адамның келбетін, ауызша бейне- леу. Мысалы, бойы - биік, орташа, аласа бойлы; басы — үлкен, кіші; шашы - қою, сирек, кара, жирен; беті - жалпақ, сопақ; маңдайы — биік, кең мандайлы, шот мандай, төмен, т.б. Дене мүшесінде анатомиялык кемістік болса, олар ерекше белгілер есебінде есептеледі. Кісі тануда әр адамға тән, қалыптасқан дене кимылдары да жекебелгі есебінде пайдаланылады. Атап айтқанда: оның дауы ­ сы, сөйлеу мәнері, тіл ерекшелігі, жүрісі, аяк алыс ерекше- ліктері. Кей жағдайларда осы белгілерге ғана негізделіп кісіні тануға көрсетуге болады. Бірақ бұл динамикалық белгілерді өте оңай өзгертуге болатындықтан, мұндай корсету көбіне тиісті нәтиже бере алмайды. Себебі танылатын адам даусын да, жүрісін де көрсету үстінде өзгертіп жіберуі мүмкін. Сондыктан бұл белгілер, әдетте, анатомиялык белгілермен коса көрсетіліп, пай ­ даланылады. §4. Мәйіттің жеке басын аныктау Мәйіттің кім екенін анықтап, сөйтіп өлген адамның аты- жөнін білу үшін, ол тануы мүмкін делінген адамға көрсетіледі. Мұндай тану үшін көрсетудің ©зіндік ерекшелігі бар. Баска объектілердей емес мәйіт жеке көрсетіледі. Оны көрсетер ал- дында арнайы сот-сараптама жүмысы жүргізіліп, мәйітті кісі көретіндей жағдайға келтіреді (оны «мәйітті әрлеу» дейді). Та- нуға мәйітханада жатқан мәйіттің беті және баска да дене мүшелері, әсіресе, ине шаншып әлеміштеген белгілер (татуи ­ ровка) денедегі тыртык, баска ерекше белгілері көрсетіледі. Та- нушы өлген адамның туысканы, жолдасы, не баска да таныс 295

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==