Криминалистика
екенін тану, заттарды тану үшін көрсету, мәйіттің кім екенін, оның аты-жөнін білу үшін тануға көрсету. Малдарды тану үшін көрсету, белгілі бір жерді, не бөлмені, тұрғын-үйді тануға корсе ту. Объектілердің түрлеріне байланысты оларды көрсету так- тикасында да ерекшеліктер бар. §3. Адамдарды тану үшін көрсетудің процессуальдык тәртібі және тактикалық ерекшеліктері Адамдардың кім екенін таныту үшін танушы адамнан алдын ала танылатын адамның сыртқы бейнесі, пішіні, киімі туралы, оны қаңдай жағдайда көргені жөнінде асыкпай жауап алу қажет. Тану үшін көрсетілетін адам, өзіне үқсас, кем дегенде екі адам- ның арасында, қалаған орында тұруы керек. Танушы адам тану үшін көрсетілетін адамды тергеу әрекеті басталғанша көріп кой- майтындай жағдай жасалуы тиіс. Танылуға тиісті адам кем де генде екі адамнын арасынан өзі қалаған орын алғаннан соң, та нушы адамды кіргізіп: «Алдыңызда тұрған адамдардын ішінен кімді танисыз? Қандай накты белгілері бойынша ол кісіні тани- тыныңызды түсіндіріңіз және кандай жағдайда кездескеніңізді айтып беруіңізді сұраймыз?» деп тергеуші ұсыныс жасайды. Танушы адам осы екі кісінің ортасында тұрған адамды тиісті жасалған кылмыска байланысты белгілі бір жағдайда калай көргенін, оны кандай белгілері, сыртқы бейнесінің қандай ерекшеліктері бойынша танығанын айтуы керек. Уакыт өткен- нен кейін көрсетілген адамның сырткы бейнесінде, әрине өзгерістердің болуы мүмкін. Сондықтан көрсетілген адамды танығанмен оның бейнесінде қандай өзгерістер бар екенін де танушы адам толық айтып беруі тиіс. Осы тергеу әрекетін жүргізгенде танушы адамнын өзіне көрсетілген адамды тануы сол адамның бейнесінде, пішінінде бар белгілерге негізделеді. Сол ойында калған белгілерді, көріп тұрған адамның пішініндегі белгілермен танушы адам ойша са- лыстырады. Бұл сырткы бейне және пішін белгілері криминалистикада - екі түрге бөлінеді. Біріншісін анатомиялық белгілер, ал екіншісін функционалдык не динамикалық, белгілер дейді. Анатомиялык (статикалык) белгілерге адамнын бойы, дене қүрылысы, бет әлпеті және дене мүшелерінін баска ерекшелік- тері жатады (басы, мандайы, мұрны, аузы, еріні, иығы, қол, аяғы, т.б.). 294
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==