Криминалистика
§2. Объектілерді тану үшін көрсетер алдында жүргізілетін дайындық жүмыстары Объектілерді тану үшін көрсетер алдында тергеуші біраз да- йындық жұмыстарын жүргізу керек. Осы жұмыстардың үкыпты, мұқият жүргізілуіне бұл тергеу әрекетінің сапасы, нәтижелілігі, корытындысының объективгігі тікелей байланысты. Жоғарыда айтылғандай, объектілерді тану үшін көрсетудің керектігі бұдан бұрын куәдан, жәбірленушіден, не айыпкерден алынған жауаптарынан туындайды. Сондықтан бұл тергеу әрекетін өткізу қажеттігін, оны өткізу мүмкіндігін шешер ал дында тергеуші осы адамдардың объектіні кандай жағдайда көргендігі, оның сол объектіні қандай жеке белгілері, ерекшелігі бойынша тани алатындығы жөнінде жауап алады. Бүдан соң бұл тергеу әрекетін кашан және қай жерде өткізу керектігін, өткізетін жерін, уақытын тағайындайды. Бұл мәселелерді ше- шуде тергеушінін объектіні тануға неғүрлым тезірек көрсету керектігін катаң ескертуі тиіс. Өйткені уақыт өткен сайын куәнің (жәбірленушінің) ойында көрген объектінің бейнесі, белгілері ұмытылып, көмескіленуі мүмкін. Сонымен бірге бұл жұмысты асығыс өткізуге де болмайды. Себебі дайындык кезіндегі асығыстық тергеу әрекетінің сапасына керісінше эсер етеді. Тергеу әрекеті объектілерді көрсетуге қолайлы, ыңғайлы жерде өткізілуі қажет. Дайындық жұмыстарының ең бір күрделісі — көрсетілетін объектіге ұқсас объектілерді табу. Айталық: адамды тану үшін көрсетуде осы адамға сыртқы тұрпаты, пішіні, келбеті жағынан үксас дублерлерді, ал затгарды тану үшін көрсету кезінде жал- пы белгілері сәйкес келетін ұқсас заттарды табу кажет. Бұл тергеу әрекетін жүргізгенде бұған белгілі бір мамандар- ды қатыстыруға тура келеді. Айталық: мәйіттің кім екенін тану үшін оны көрсетуге тура келсе сот-медицина саласындағы ма- манды, ал объектіні танушы жасы жетпеген куә, жас бала болса педагогті қатыстыру керек. Дайындық үстінде тергеуші керек кұрал-саймаңдарды, ғылы- ми-техникалык қүралдарды әзірлеп алуы тиіс. Суретке не бей- нежазбаға түсіру керек болса, фото-бейне аппаратын дайындап оны колданып, түсіретін адамдарды тағайындау кажет. Тану үшін көрсетілетін объектілерге байланысты тергеу әрекеті бірнеше түрге бөлінеді. Атап айтканда: адамның кім 293
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==