Криминалистика
өзінің бұрын көрген объектіні ойында калган белгілерімен са- лыстырып, теңдестіріп, сол бойынша мына көріп тұрған объектісі бұрын көрген объектінің нак өзі, немесе ол еместігін айырып, шешуі керек. Тану үшін көрсетілетін объектілер катарына жататындар: адамдар, мәйіт, зат, бұйым, мал, кей жағдайларда пәтер, бөлме не жеке бір жерлер де көрсетілуі мүмкін. Тану үшін көрсетудегенімізол жәбірленушіге, куәге, сезікті адамға немесе айыпкерге белгілі бір объектіні көрсету арқылы, осы объектіні оның бұрын көрген не көрмегенін аныктап, егер көрген болса, қашан және кандай жағдайда көргендігін, оны нақты қандай белгілері бойынша танитындығын айырып, шешу үшін жүргізілетін занда көрсетілген тергеу әрекеті. Бұл тергеу әрекетін өткізудің кажеттігі тергеу үстінде алын- ған жауаптан туындайды. Сондықтан бұл тергеу әрекетінің жа- уап алумен көп ұқсастығы бар. Тіпті, бұрынырақ бұл тергеу әрекеті жауап алудың бір түрі есебінде саналып жүрді. К,ыл- мыстық іс жүргізу кодексінде бүл тергеу әрекеті адамның кім екені, яғни, заттарды танытқанда жауап алу деп аталып, жауап алудың бір түріне теңестірілді. Бірақ бұл тергеу әрекетін өткізудің психологиялык процесіне талдау жасасақ, ол крими- налистикалық идентификациялау процесінің бір түрі ретінде идентификациялық қағидалар түрғысында өткізіледі. Бұл тер геу әрекеті объектілерге тән белгілерді тендестіруге негізделеді. Әдетте, көзбе-көз көріп түрған белгілерді салыстыру арқылы идентификациялық сүрак шешілмейді. Салыстыруға негіз есебінде алған белгілердің бір тобын танушы адам көзбе-көз көріп тұрса, салыстыруға қолданатын екінші белгілер, олардың бейнесі жаңағы танушы адамның ойында. Сол ойында калган белгілерді көріп тұрған белгілермен салыстыру арқылы тану шы адам осы салыстырып отырған объектіні бүрын көрген не көрмегендігін шешеді. Тануғабайланысты мүндай психология лык процеске әр түрлі факторлар, себептер эсер етеді. Айта- лык, танушы адам осы тану үшін көрсетіліп отырған объектіні қандай жағдайда, қандай кашықтықта көрді, көргенінен бері қанша уақыт өтгі, осыны көрген танушы адамның денсаулығы, эмоционалдық жағдайы кандай болды және т.б. Осылардың бәрі тану мүмкіндігіне көп эсер етеді. Сондықтан тану үстінде осы жағдайлардың бәрі ескерілуі кажет . 292
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==