Криминалистика
сұрайды. Беттестіру үстінде тергеушінің рұқсатымен бетгесті- руге қатынасып отырған адамдар бір-біріне сұрак қоя алады. Бірақ мүндайда тергеуші бұл екі адамның бір-бірімен алдын ала өзара келісіп, істі жүргізуге бөгет болатындай сарында қойма- уына мұкият назар аударады, егер қажетсіз, яғни іске тікелей қатынасы жоқ сұрақ қойылса, оны тоқтатып тастауы керек. Беттестіріп отырған адамдардын бір-бірімен сөз таластырып, айтысып кетуіне де жол бсрілмеуі тиіс. Өйткені беттестіруге қатысып отырған адамдар осы сәтті пайдаланып астарлы сұрақ- тармен алдағы қимыл-әрекеттерін бағдарлап ымыраласуы мүмкін. Беттестіру үстінде берген жауаптарды тергеуші хаттамаға жазып бекітсді. Беттесушілердіңбіреуініңжауабы хаттаманың оң жағына жазылса, екіншісінің жауабы кағаздың сол жағына жазылады. Кей жағдайда хаттаманы екіге бөлмей, жауап беру кезегіне сәйкес әуелі бірінші сұралған адамның жауабы, содан соң екінші адамның жауабы жазылады. Беттестіру үстінде берілген жауаптарды бекіту үшін кейде хаттамамен бірге дыбыс жазу аппараты да қолданылады. VI т а р а у ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУ ТАКТИКАСЫ §1. Тану үшін көрсетудіп түсінігі, міндеттері және түрлері Қылмыстық істерді тергегенде кей жағдайда жеке адамның, заттардың, бұйымдардың және баска да объектілердің осы тергеліп жаткан қылмыска байланысын анықтау үшін оларды жәбірленушіге, куәгетану мақсатымен ұсынып, көрсетуге тура келеді. Бүл объектілерді тану үшін корсету тергеу әрекетінің қылмысты ашуда, іске керекті дәлелдемелерді тауып, жинауда маңызы зор. Себебі осы әрекет аркылы қылмыс жасаған адам- ның кім екені анықгалады, іс бойынша қажетті заттай дәлелде- мелер табылады. Бұл тергеу әрекетінің мағынасы — ол қылмыс- қа байланысты бүрын көрген объектіні танушы адамның өзінін ойында калған осы объектінің белгілері бойынша танып, айы- руы. Яғни, психологиялык жағынан алғанда бұл да кримина- листикалық идентификациялау процесінің бір түрі. Мұнда да танушы адам өзіне көрсетіп отырған объектідегі белгілерді, 291
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==