Криминалистика
лықтар әр түрлі себептерге байланысты болуы м үмкін. Бірде бұл жауап берушінің біреуінің жаңылуынан немесе кейде беттесу- ге қатынасып отырған жақтың біреуінің жалған жауап беруінен болады. Беттестіру өте күрделі тергеу әрекеті, сондықтан оны сапа- лы, нәтижелі өткізу үшін тергеуші оған мұкият дайындалып, беттестіру жүргізу үстінде белгілі тактикалык әдістерді қолда- нуы, занда көрсетілген қылмыстық іс жүргізу тәртібін қатаң сақтауы керек. Тергеу әрекетінің мұндай түрін өткізуге дайын- дық кезінде тергеуші мынандай мәселелерді шешіп алуы тиіс: 1. Беттестіру үстінде қандай қайшылықтарды шешу керек- тігін? 2. Беттестіруге катынасып отырған адамдарға қандай сұрақ- тар кою қажеттігін? 3. Беттестіруге қатынасатын адамдардан қандай кезекпен жауап ал у қажеттігін. Тергеу әрекетін бастамас бұрын тергеуші беттестіруге каты- насатын адамдардың өзара қарым-катынасын, егер олардыңбас араздығы болса оның себебін, ал егер екеуі де куә болса олар- дың айыпкерге, жүргізіп отырған іске кандай қатынасы бар екенін анықтап біліп алуы керек. Беттестіру мезгілінде жауап- қа қатынасып отырған адамдарға ұсынылатын заттай дәлелде- мелерді, қүжаттарды алдын ала белгілеп, дайындап қоюы тиіс. Заң бойынша беттестіру тек бірімен-бірі таныс адамдардың арасында жүргізіледі. Егер беттесуші адамдар куәлар болса, оларға дұрыс жауап беруге міндетті екендіктерін түсіндіріп және жауап беруден бас тартканы немесе біле тура өтірік жауап бергені үшін жауапты болатыны ескертіледі. Бүдан кейін тергеуші беттестіруге катынасып отырған адамның біреуіне істің мән-жайын, атап айтқанда, жауаптың қайшылықты тұстары жөнінде сұрақ кояды. Тактикалық тұрғыдан бірінші сұрақ тексеріп отырған фактіні дәлелдеп, растап отырған адамға беріледі. Ол өзінің осы факті бойынша бұрын берген жауабын растайтынын айтып, берген жауабын беттестіруге катынасушы екінші адамныңкөзінше қайталап, баяндап береді. Беттестіруге катынасып отырған екінші адам, бүл жауапты толыкестігеннен кейін оны растайтынын немесе растамайтынын білдіреді, егер бекітпесе себебін айтып, өзінің бұрынғы берген жауабын кай- талайды. Осыдан кейін тергеуші бірінші жауап берген адамға с^рак қойып, екінші адамның жауабы жөнінде оның пікірін 290
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==