Криминалистика

Мұның өзінде бұл затгай дәлелдемелердің қалай алынғандығын айыпкер білмеуі тиіс; б) жауап алу барысында қаралатын іс бойынша барлык ай- ғақтарды айыпкерге толық көрсетуге асықпау керек. Мундай асығыстық тергеу орнына кайсыбір заттай дәлелдемелердің калай түскенін айыпкердің байқап калуына соктыруы мүмкін; в) егер жауап алушыға жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында аныкталған кайсыбір фактілерді жауап алу жөніңдегі хаттамаға енгізу қажеттігі туындаса, ол фактіні растайтын жайттарды (уакытқа, түраққа т.б. байланысты) алдын ала мұқият тексеріп алу керек. Егер жауап беруші тергеушінің назарын аударған мәселеге қажет қосымша деректерді білдірсе, ол де- ректер ұсақ-түйегіне дейін сұралып, кейін егжей-тегжейлі тексерілуі тиіс. Кылмыскерлер, әсіресе, аса қауіпті кылмыскерлер, сондай- ақ баска да заттай дәлелдемелердің, келтірілген құжаттардың бұлтартпайтындығына көздері жеткен, бірақ кылмысын қалай, кандай жолмен болсын мойындаудан бас тартуға әбден бекінгеңдер, жаңағы заттай дәлелдемелердің, құжатгардыңкөзін құртуға тырысады. Сондықтан тергеу кезінде оның сакталып, қорғалуына мейлінше мұкият болу керек. Ол кұжаттарды ай ­ ыпкерге үстелдің әйнегініңастына қойып көрсету немесе оның көшірмесін жасау, сондай-ак жауап алу кезінде айыпкердің зат ­ тай дәлелдемелерді немесе қүжаттарды куртып жіберуінен сак- тану үіпін екінші бір куәні де жауап алу процесіне катыстырып, сактық шараларын колдану керек. Берілгсн жауап хаттама жазу арқылы бекітіледі. Косымша бекіту әдісі есебінде дыбыс және бейнежазбалары қолданылады. §5. Беттестіру тактикасы Кылмыстык істі тергеу үстінде өте жиі кездесетін жағдай — бұрын жауап алынған адамдардыңжауаптарында елеулі қайшы- лықтардың болуы. Мұндай жағдайда, осы қайшылықтарды анықтап, оны жою үшін оларды беттестіріп, жауап алынады. Яғни, беттестіріп жауап алу дегеніміз бұрын жауап алынған екі адамды бірге огырғызып, бір мезгілде екеуінен катар, қайтадан жауап алу. Беттестіру тек бұрын жауап алынған адамдардың арасында жүргізіледі. Куә мен куә, сондай-ак куә мен айыпкер немесе айыпкер мен айыпкер беттестіріледі. Жауаптағы қайшы- 19 846 289

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==