Криминалистика

Жауап алушы және жауап беруші адамнын арасында кай- шылықты жағдай қалыптасқан кезде, басқаша тактикалық әдістер қолданылады, ол әдістер жауап беруші адамның өтірік айтып отырғандығын әшкерелеуге бағытталады. Мүндай жағ- дай көбінесе айыпкерден жауап алғанда, яғни айыпкердің кыл- мысты мен жасаған жоқпын, ол уақытта мен басқа жерде бол- дым деп шындықтан жалтарған кезінде кездеседі. Мұндайда айыпкердің алибиін әшкерелеу үшін қолданылатын ең бірінші тәсіл — жауап беруші адамнан неғұрлым толык жауап алу, ұсак оқиғалардың бәрін қамту. Біріншіден, мұның, яғни ен елеусіз сәттерге дейін ескеріліп, жауап алынуы, олар тексерілген кезде бекімесе, жауап беруші адамныңөтірігін шығаруға көмектеседі. Екіншіден, айыпкер жалпы оқиға бойынша беретін жауабын алдын ала дайындап келгенмен сұрактың бұлай койылатынын білмегендіктен, ол жауап бергенде абдырап өз өтірігін өзі шы- ғарып алады. Әсіресе, кайта жауап алғанда осылай болады. Жауапкер адамның өтірік айтып отырғанын әшкерелеу үшін істе осы факті бойыиша жиналған баска дәлелдемелерді, заттай дәлелдемелерді пайдалану керек. Деректерді пайдалану тәсілдері бар. Ең алдымен дәлелдеме есебінде елеусіздеу деректерді айыпкерге көрсетіп, оны мойын- дамаса неғұрлым маңызды, бұлтартпас деректерге көшіп, жал- ған жауапты әшкерелеуге болады. Айталық, айыпкердің бір пәтерден шыққанын екінші біреу көрді, бірақайыпкер ол пәтер- де болғанын мойындамады делік. Мұндай жағдайда үстел үстінде калған бөтелке мен стаканды, стаканда айыпкердің калған қол- таңбасын көрсстіп, айыпксрдің ол пәтерде болғанын тергеуші мойындаттыра алады. Қолтаңба сараптама қорытындысымен бскітілуі тиіс. Айыпкерден жауап алудың тағы бір тактикалык әдістерінің бірі ішкі істер органдары аркылы жауап алу процесіне жедел- іздестіру деректерін пайдалану. Мұндай деректер: • жауап берушінін қылмыстык окиғаға катыстылығын, онын жасалған кылмыс жөнінде каншалыкты хабардар екендігін бол- жаттыратындай жеке сипатына, тергеу кезінде оның аталған істің нәтижесіне мүдделілігіне; • қылмыстың жекелеген элементтерін жариялауға немесе қылмыстың ашылуына; • жауаптау кезінде алынуы мүмкін дәлелдемелерді тексеру әдістеріне қатысты пайдаланылады. 287

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==