Криминалистика
жөніндегі қаулымен таныстырып, іске байланысы бар объекті- лерді тергеу орнына өз еркімен беру тінтілетін адамның міндеті екені айтылады. Тергеушінің бұл талабы бойынша олар кейбір заттарды өз еркімен беруі де мүмкін. Бірактергеушінің жүмы- сы осы берген заттармен ғана шектелмейді. Өйткені дерек зат- тар үй астына ма, шатырға ма, әйтеуір карауға қолайсыз бір жерлерге тығылып қойылуы мүмкін. Бұдан кейін жүргізілетін жұмыс - тінту объсктісін жалпы шолып карау, ауланы, бөлмелерді бақылап, дайындық үстінде алған бағдарлық мәліметтерге сәйкес пе, жок па, соны тексеру. Егер бұдан бұрын алынған мәліметтерге казіргі жағдай едәуір сәйкес келмесе, тінту жоспарына, накты жаңа жағдайларға бай- ланысты, қосымша өзгерістер енгізіледі. Егер тінтілетін адам аса қауіпті кылмыскер болып, оның кару колдануы мүмкін болса, алдымен оның өзінің жеке басын тінту керек. Жеке басты тінтудің өзі екі кезеңге бөлінеді. Әуелі, жалпы- лай тінтіп, бойында кару бар ма, жоқ па соны қарап, содан кейін басынан томен карай киімін, денесін ұқыпты, мұкият тексеріп шығу қажет. Калтасынан табылған күжаттар, заттар арнайы алдын ала дайындалған жерге қойылып, кейін хаттамаға енгі- зіледі. Тінтуді, әрине сол тінтілетін адаммен бір жынысты адам жүргізуі тиіс. Тінтілетін адамның денесінде бинттелген, байлан- ған жер болса оны шеиііп кору үшін медицина мамандары қа- тыстырылып, бинтті шешу соларға жүктеледі. Жалпылай шолудан кейін жеке объектілерді қарау кезеңі басталады. Тінтудің ойдағыдай табысты аяқталуы, оның белгілі біртәртіппен, бағытпен жүргізілуіне, объектілерді қарау кезегін сақтауға, тағы баска да тактикалық әдістердің толық және дүрыс қолданылуына байланысты. Тінтуге кірісер алдында тергеуші нені іздеу керектігіне, кай- дан іздеу керектігіне және қалай іздеу керектігіне айрықша на- зар аударады. Не іздеу керек екенін тергеуші тінтуге келер ал дында аныктап, шешіп алады. Ал, кайдан іздеу керектігі тінті- летін объектіні (үйді, бөлмені) жалпы шолып Караганда анық- талады. Не іздеу керектігін анықтаудың маңызы зор. Айталық, ізде- летін нәрсе үлкен зат па, құжат па, ақша ма? Айғақ ізделетін жердің көлемі үлкен, іздеу жұмысы копке созылатын болса, тінтуді сол ізделетін зат табылады-ау деген жерден бастау кс- рек. Мысалы, тінтуге келген объект бір жеке тұрған көп бөлмелі, 276
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==