Криминалистика
ғандығын анықтау міндеттері ретінде түсіндіреді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізгенде бүл мәселелерді анықтау керек екендігі, әрине түсінікті. Бірақ бұл тергеу әрекетіне мұндай күрделі мәселелерді шешуді міндеттеу орынсыз. Бұл мәселе- лер жалпы тергеудің алдында түрған міндет, олар бірнеше тер геу әрекеттерін жүргізу арқылы шешіледі. Сондыктан бүл мәселелерді шешуді бір тергеу әрекетіне, яғни окиға болған жерді қарауға жүктеуге, әрине болмайды. Кейбір авторлар окиға болған жерді қарауға катысты түсініктерінде оның міндетіне, атап айтқанда, жүргізілетін жұмыстар катарына жедел-іздестіру жұмыстарын да жаткыза- ды. Жедел-іздестіру жұмыстары процессуальды әрекеттер ката рына жатпайды, оны анықтаушы органдар жүргізеді. Мүндай жүмыстар тергеудің бастапкы кезеңінен тергеу біткенше жал- ғасады. Сондыктан мүны тергеу әрекетінің окиға болған жерді карау ұғымына кіргізу орынсыз. Әрине, окиға болған жерді карау үстінде жедел-іздестіру жұмыстары да жүргізіледі, бірак бұл іздестіру жұмыстары окиға болған жерді караумен шектел- мейді, ол тергеу біткенше, кейін де жүргізіле береді. Айтылғандарды тұжырымдай келіп, бұл тергеу әрекетіне төмендегідей түсінік беруге болады: оқиға болган жерді қарау дегеніміз іздерді, заттай дәлелдемелерді іздеп табуға, оларды бекітуге, алуға және зерттеуге багытталған, сонымен қатар жа- салған кылмыстын мән-жайын, оның болу механизмы анықтау мақсатымен кідіртпей жүргізілетін, занда кврсетілген тергеу әрекеті. Осы түсінікте оқиға болған жерді қараудың міңдеттері де көрсетілген. Атап айтканда, окиға болған жерді қарау үстінде іздер, заттай дәлелдемелер белгілі криминалистикалык әдістер мен тәсілдер, арнайы кұрал-саймандарды пайдалану арқылы ізделіп, бекітілуі зерттелуі керек. Сонымен катар карау үстінде объектілердің орналасуы және жалпы жағдайы бойынша кыл мыстын мән-жайы жөніндедеректі мәліметтер алу қажет, оқига болған жерді карауда бұл мәліметтердің маңызы зор. Окиға бол ган жерді карау тергеудің ең бастапкы кезеңінде, қылмыс бол- ғаннан кейін іле-шала жүргізілетіндіктен, бұл тергеу әрекетін жүргізу аркылы өте кұнды деректер, дәлелдемелер жинап алуға болады. Қарау мезгілінде табылған заттай дәлелдемелер, іздер аркылы қылмыстың механизмін, кылмыс жасау әдісін анық- тауға, қылмысты жасауға катынасқан адамдар жөнінде және t 252
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==