Криминалистика
люлоза — қағаз фабрикасында жасалған және белгілі бір партияға жатады; жол-көлік оқиғасы болған жерден табылған лак-бояу қабатының бөлшегі мен ВАЗ автокөлігінің лак-бояу қабатының жалпы топтык қатыстылығы бір. Заттар мен материалдарды диагностикалык және идентифи- кациялық зертгеу — объектілердің өзара байланысу фактілерін аныктау мақсатында жүргізіледі. Мысалы, зорлау ісі бойынша сезіктінің киімінің ткані мен жәбірленушінің киіміндегі тал- шықтардың қатыстылығын анықтау. Өзара байланыс фактілері, әдетте бірқатар заттар мен материалдарды кешенді сараптау барысында анықталады. Мысалы, жол-көлік оқиғасына байла- нысты іс бойынша жәбірленуші мен автокөлік жүргізушісінін арасындағы байланыс лак-бояу қабаттарының бөлшегін, шыны, талшық, жанармай материалдарын зерттеу кезінде анықталады. §2. Тергеу әрекетгерін жүргізу кезінде заттар мен материалдарды табу, бекіту және алу Криминалистикалық зерттеу шеңберіндегі заттар мен мате- риалдар, олардың тәжірибеде неғұрлым кеңінен таралған тур- лер! бойынша зерттеледі. Зерттеу объектілері көбінде төмен- дегідей болып келуі мүмкін: - газ тәріздес, сұйык, қатты, сусымалы; - табиғи және жасанды; - зат немесе мүлік, олардың жиынтығы, бөлшек гері және т.б. Бүгінгі тандағы тәжірибеге сүйене отырып, мынандай объек- тілер жиі зерттелетіндігін атап көрсетуге болады: - лак-бояу және боялған заттар мен бояу қабаттары; - талшык материалдары мен одан жасалған өнімдер; - өсімдіктер, тогіырактар; - шыны және одан жасалған бұйымдар; - жанармай материалдары; - есірткі заттары; - психотроптық заттар; - дәрі-дәрмектер; - спирт және ішімдік өнімдері мен оларды дайындауға кажетті заттар; - мсталдар және металл бұйымдары; - парфюмерлік және косметикалық өнімдер, оларға қажетті шикізаттар; 13-846 193
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==