Криминалистика

Күжат материалдарын криминалистикалық зерттеу күрделі әрі көп сатыды процесс. Құжаттардың материалдары иденти- фикациялық белгілерді көрсететін талдау әдістерінің көмегімен зерттеледі. Ол рецептура ерекшелігіне және нақты материал- дар мен құжаттарды өндіру, сақтау және пайдалану шарттары- мен байланысты. Әдісті тандау зерттелетін материалдардың ерекшелігіне, көлеміне, қасиетіне байланысты. Қүжатгарды сот- техникалықсараптау кезінде материалдарды, жеке затгарды тал ­ дау үшін технологияның, материалды зерттеудің, химияның сәйкес салаларында қолданылатын әдіс-тәсілдердің арнайы модификациясы колданылады. Күжат материалдарын зерттеу сараптамасының жалпы мәселелеріне төменгілерді: — материалдарды ң немесе одан жасалған өнімдердін түр- лерін; — материалды немесе өнімді тұтыну максатын; — материалды немесе өнімдерді өндіру, сақтау және пайда- лануына байланысты шығу тегін; — материалдың жекеленіп бөлінген көлемін идентификация- лауды; — материалдың жасау уақытын анықтау жатады. Қағаз — күжаттың негізгі зерттеу материалы болып табыла- ды. Зерттеу барысында жыртылган қағаз қиындыларының бір бүтінге жататындығын, белгілі бір кұжат немесе бланкілерді дайындау кезінде қолданылған қағаздыңтобын (класын), түрін; әр түрлі сезіктіден алынған өнімдердің бір жерден шығарыл- ғандығын; қағазды жасау уакытын анықтау мәселелері шешіледі. Кағазды зерттегенде, оның физика-химиялык қасиеті (оның калындығы, салмағы, түсі, ішкі және сыртқы бет қабатының кұрылымы), жапсыру түрі мен дәрежесі, кағаздан жасалатын өнімді сипаттайтын белгілер анықталады. Әр түрлі жерден шық- қан бір түрге жататын қағазды ажырататын жеке әдістеме түрлері бар. Күжатты жасау кезінде колданылатын жазу кұралдары да әр түрлі болады, сондай-ақ ол күрделі құрамнан тұрады. Соңғы жылдары жалған құжат дайындау барысында бұрын қолданыл- маған келесідей бояулар пайда болды: полимерлі қарындаштар, түрлі-түсті борлар, әр түрлі тонерлер. Жазу материалдарының кұрамын зерттеу кезінде химиялық және физикалық әдістердің арнайы модификациялары пайда- 188

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==