Криминалистика
Тәжірибеде осындай құжаттарды зерттеу кезінде әр түрлі иден- тификациялық және идентификациялық емес сипаттағы сұрак- тар туындауы мүмкін. Идентификациялык емес сүрактарға жа- тады, мысалы: нақты құжатты дайындау үшін баспа басатын кандай кұрал түрі колданылған; баспа басатын құралдың қан- дай (ескірген немесе жаңа жабдыктандырылған; зауыттан не- месе қолдан жасалған және т.б.) ерекшеліктері бар; ұсынылып отырған күжат бланкісін дайындау кезінде кандай тәсіл және көбейткіш техникалардың (немесе кылмыскерден алынған бланкілердің) қандай түрі колданылған; бланкті дайындау үшін баспаның қандай (колдан жиынтыктау немесе линотиптік, сте реотип, цинкографиялық калып) түрі колданылған. Ал иденти фикациялык сұрактарға: баспа түрлері бір гүпнүскада орындал- ған ба (стереотиптер), жиынтык жолдар белгілі бір линотипте күйылған ба; жиынтық — баспахананың нақты бір қаріптік кас- сасының қаріптің көмегімен кұрастырылған ба; зерттеуге үсы- нылған барлык кұжаттар, акциздік маркілер, акшалай және т.б. белгілер бір тәсілмен дайындалған ба; ұсынылған кұжаттар, бланкілер бір стереотипте, қалыпта, жиынтықта басылған ба деген және т.б. сұрақтар жатады. Тергеуші сараптамаға материалдарды жібергенде түпнұсқа бланктердің, сондай-ак тінту кезінде алынған - қалыптар, ли- нотиптер, қаріп жиынтықтары, станоктар, ксерокстер, ком пьютер мен принтерлер және баска да техникалык күралдарды қоса беруі қажет. §8. Қүжат материалдарын зерттеу Құжат материалдары (қағаз, картон, сия, туш, карындаш, баспаханалык бояу т.б.) көп құрамды косындылардан тұрады. Олар кұжаттарға сот-техникалықсараптама жүргізу барысының барлық кезендерінде зерттелінеді. Кұжаттың бастапкы мазмұ- нының өзгеруін анықтау, көрінбейтін және нашар көрінетін жазуларды анықтау, сонымен катар, штрих затгары мен жалған құжаттар жасағанда қүжат қағазының бояуын идентификация- лау мақсатында да зерттеледі. 187
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==