Криминалистика
мен толтырылады. Офсеттік басылыста (жалпақ) басу элемент- тері баспайтын элементерімен бір жазықтықта орналасады. Шығыңқы басылыс орындалған бланкідегі штрихтар анык бейнеленумен сипатталады. Бірақ бояулар біркелкі (тегіс) жа- ғылмайды. Шығынкы басылыс таңбаларына — «батып» түсірі- летін (ол баспа элементтерінен пайда болады) бедерлер тән. Ойыңқы баспа таңбаларына - таңбадағы бояу қалындығы- нын, бояуды жағу қабатының біркелкі болмауы тән. Офсеттік тәсілмен дайындалған бланкілерден мынандай белгілерді табуға болады - бояудың біркелкі таралуына (жайы- луына) қатысты бедерлердің болмауы. Шығыңқы басылыс калып дайындау үшін - белгілі бір тех- нологиямен орындалған цинкографиялық қалып немесе қаріп жиынтыктары қолданылады. Офсеттік және ойыңқы басылыс қалыптарын арнайы металдық пластиналардан жасайды. Қатаң есептік қүжатқа қатысты бланкілер баспаханалықтәсілмен дай- ындалады. Оларға: ақшалай белгілер, бланкілер, паспортгар, жеке бас куәліктері, жүргізу куәліктері, дипломдар, аттестат- тар, сертификаттар мен акциздік марклер және т.б. жатады. Баспаханалык өндірістің басқа да түрлері - декларация, на кладной, есеп беру, квитанция және баска да күжат бланкілері көбейткіш баспалар арқылы дайындалады. Кәсіпорын, меке- мелердегі көбейткіш баспаларының барынша кеңінен тараған түрлеріне - ризографтар, ксерокстер жатады. Технологиясы бойынша ризографтар, ксерокстер, принтерлер жалпак баспа немесе кіші офсет болып табылады. Қылмыскерлер жалған құжат жасау кезінде баспаханалық танымал тәсілдердің кайсысын болмасын қолдануы мүмкін. Жалған құжатгарды жасау тәсілдері бірқатар жағдайлармен бай- ланысты жүзеге асырылады. Жағдайларға кылмыскерлердің баспаханалық дағдысының, оларда қандай техникалық құрал- дардың, материалдардың, оның қаржылык қаражатының болуы және ол нені, нақты айтканда: қандай құжат бланкісін (акша- лай белгілерді, дипломдарды, акциздік маркілерді және т.б.) қолдан жасау мүмкіндіктері жатады. Кейінгі жылдардағы тергеу тәжірибелері - ақшалай белгі- лерді, қызметтік куәліктерді, акциздік маркілерді, кәмелеттік аттестаттарды, ярлык гар мен этикеткаларды және басқа да кұжат 185
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==