Криминалистика

механизмдерінің немесе қаріпгерінің өзгеріске ұшырауы нәти- жесінде пайда болған белгілер жатады: а) белгінің бойлық осінің вертикальдан ауытқуы; ә) белгінің вертикаль немесе горизон ­ таль бойынша жылжуы; б) белгі таңбаларының қосарланып не ­ месе жығылып түсуі; в) белгініңбіркелкі емес боялуы, ол жұмыр біліктің сыртқы қабатының тегіс болмауына және клавиштердің айқасып қалуына байланысты; г) қағаз шығару механизмінің дұрыс істемеуі нәтижесінде жолдардың паралельді болмауы. Осы өзгерістер жөндеу жүргізу нәтижесінде болуы мүмкін. Мәтін бойынша накты жазу машинкасын идентификация- дау жалпы және жеке белгілерді салыстыру және зерттеу жо- лымен жүзеге асады. Бұл белгілср зерттеліп отырған мәтіннсн және тексерілетін жазба машинкасының еркін және экспери- менталды үлгілерінен көрініс табады. Жаңа машинкаларды идентификациялау кезінде зерттелетін мәтіндегі таңбалардан көрініс табатын литер микрорельефінін белгілері колданылады. Бұл белгілер жоғары жиілікті электр алаңында фотоға түсіру әдісгермен анықталады. Жеке белгілердің сәйкес келуі мен айырмашылығын қамта- масыз ететін еңтиімді, әрі көмекші әдістердің бірі — проективтік геомегрияда математикалык аппараты пайдалануға негізделген графикалық идентификациялық алгоритм болып табылады. Машинкада жазылған мәтіннің орындалу мерзімі белгілі бір уакыт аралығында еркін үлгідс машинкада жазылған мәтіннің жетқілікті мөлшерде болуына байланысты аныкталуы мүмкін. §7. Баспахана өндірісін зерттеу Кұжат бланкілері баспаханада, сондай-ак басқа да орындар- да (объектілерде) баспаханалық әдіспен әр түрлі техникалар көмегімен және басқа да көптеген тәсілдер арқылы жасалуы мүмкін. Баспаханалық тәсілдерге: шығыңкы, ойыңқы, офсегтік ба- сылыстар жатады. Сонымен катар, баспахана өндірісі дамыған мемлекетгерде мынандай баспа тәсілі, атап айтканда, шелкогра- фия қолданылады. Шығыңкы басылыста басу элементтері баспайтын элемент- терден биіктеу орналасқан, ал ойыңқы басылыс қалыпында ба- сушы элементтер әр түрлі терендікте болады және олар бояу- 184

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==