Криминалистика
шықтығын анықтауға болады. Әр түрлі маркілі және модельді машинка жолдарының аралык интервалдары бір-біріне сәйкес келуі немесе әр түрлі болуы мүмкін, бірақта олар нақты маркі мен модель үшін тұракты болып табылады. 3. Әріптік калыптағы каріп белгісінің белгілі бір саны және клавиатурадағы клавиштердің саны бойынша анықталатын кла виатура типі. 4. Қағаз бекітетін (орайтын) валиктің ұзындығы мен карет- каның көлеміне байланысты жазу жолының максималды ұзын- дығы. Бұл белгі зерттеліп отырған мәтіндегі жолдың ұзындығы тексерілетін машинкадағы жолдың ұзындығынан асып кеткен жағдайда ғана қолданылуы мүмкін. 5. Қаріп маркасы белгі суреті мен оның өлшемінің ерек- шеліктерімен анықталады. Қаріп маркілері мемлекеттік стан дарт бойынша реттеледі. Мәтін бойынша жазу машинкасының маркасы мен моделін анықтау кезінде жоғарыда аталған барлык белгілердің жиын- тығы зерттеледі. Жазба машинкасының жекеленген детальдары мен меха низмы бірыңғайлау және стандарттау қазіргі уақытта жазба машинкасының накты маркасын анықтауды қиындатады. Кай топқа жататындыкты аныктайтын криминалистикада калыптасқан әдістеме бойынша жазба машинкаларды келесідей топтарға жіктеуге болады: механикалык және электромехани- калық; рычаксыз монолитті литертасушы; жазу автоматтары; кеңселік; теретін-жазба машинкалары мен автоматтары; көлемі кіші - портативті және жол машинкалары. Жазу машинкасының әрбір типінің накты маркасы болады, ал әрбір марка бір немесе бірнеше модельге бөлінеді (мысалы: «Оптима», «Ятрань»). Қазіргі кезде жазу машинкасының маркасы мен моделін аныктау жұмыстарын ақпараттық-іздестіру жүйесі жеңілдетеді. Онда барлык отандык жазу машинкаларының маркасы мен модельдері, оларға арналған қаріп маркасы, сондай-ақ ше-телдік жазба машинкалары мен шрифттары туралы мәліметтер жинақ- талған. Жазу машинкаларын идентификациялау. Әрбір жазба машин калары жоғарыда көрсетілген жалпы белгілерімен катар жазба мәтінінен көрініс табатын жеке белгілермен де сипатталады. Жазба машинкасын ұзак уақыт колдану салдарынан, оның 183
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==