Криминалистика
§ 6. Баспа әдісімен жазылған қүжаттарды зерттеу Машинкамен басып жазылған кұжаттардың тәжірибеде кездесетінін ескере отырып, бұл объектілердің өзіне тән қасиеттерін білу қажет. Машинкамен жазылған мәтіндертехника-криминалистика- лық жағынан зертгеледі және келесідей жағдайлар аныкталады: 1) құжат немесе ондағы жеке бір жазбалар кандай типтегі (класс, марка, модельдегі) машинада немесе қандай маркілі қаріппен жазылғандығы (жазба машинкасының қай топқа жа- татындығын анықтау); 2) машинкамен басылған мәтін осы машинкамен басылып жазылды ма (накты жазу машинкасын идентификациялау); 3) кұжаттағы мәтін бір жазу машинкасымен жазылған ба, әлде әр түрлі машинкамен бе; 4) мәтіннің жазылу мерзімі кандай. Сонымен катар, криминалистикалык зерттеу процесінде бас ка да мәселелер шешіледі. Мысалы: құжат неше данада жасал- ғандығы туралы, кейбір жағдайда құжаттағы мәтінді орындау- шы туралы мәселелер шешілуі мүмкін. Іздестірудегі жазу машинкасыныц маркасын, моделін және оның шрифтінің маркісін анықтау жеке мәселелердің біріне жатуы мүмкін немесе идентификациялык зерттеудің алғашкы кезеңі болып табылады. Машинкамен жазылған мәтін бойынша машинканың мар- касы мен моделін анықтау үшін жалпы белгілер колданылады. Жалпы белгілеріне жазу мапіинкасының және оның шрифт механизмініц жүмысын сипаттайтын белгілер: 1. Әріптердің, белгілердің бір-бірінен нақты бір кашықтық- та орналасуын қамтамасыз ететін жазу машинкасынын басты механизмінің жазу жолы бойынша баскан қадамы. Жазу жол- дарының қадамы - клавиштің біреуін баскан кездегі каретка- ның орналасу арақашықтығымен анықталады. Басты механизм қадамы - салыстырмалы тұрақты белгі, ол тек машинкаға жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін ғана өзгеріске ұшы- райды. 2. Интервал жолының аралык көлемі, яғни келесі төменгі жолға көшу үшін жазу машинкасынын валигін автоматты түрде бүру кезінде пайда болған жолдардың арақашықтығы. Интер- валды механизм арқылы -1,2, 3-интервал жолдарының арақа- 182
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==