Криминалистика
Клишенің өзін колдан жасаудың да бірнеше әдістері бар. Бедерлі клише - ағашты^ линолеумді, теріні және басқа да иілгіш (майыскақ), созылғыш материалды ойып немесе баспа- ханалық әріптерді жинақтау арқылы жасалады. Бұл таңба мәтіндерінен теріс түскен әріптер мен грамматикалык қателер де кездеседі. Қолдан қиып жасалған клише ойыктары келесідей белгілер- мен сипатталады: нақты геометриялық формалардың қатаң түрде болмауы, белгілердің ара қашықтығының біркелкі бол- мауы, сөздердің, жолдардың, дөңгеленген элемент белгілердің дүрыс емес формада болуы, дөңгеленіп қиылған штрихтардың іздерімен және әр түрлі көлемдегі штрихтармен сипатталады. Мәтінде бұл ойықтардың жеке белгілері кездеседі. Нақты айт- қанда сәулеленген бейнедегі геометриялық қателіктер кездеседі. Ойықты қарау кезінде клишснің жалғандығы баспаханалык шрифтің жиынтығы арқылы анықталады. Яғни, баспаханалык әріпті теру ережелерінің бұзылуын табу арқылы анықталады (әр түрлі шрифтердің қолданылуы, жол сызықтарының тегіс бол мауы, грамматикалык және т.б. кателіктер). Сонымен қатар, штрихтардағы бояулардың біркелкі бөлінбеуі. Мөрлерді идентификациялау. Қүжаттағы мөртаңбаларды зергтеу кезінде ол осы мекеменің мөрімен басылды ма, әлде сезіктіден алынған немесе қандай да бір басқа мөрмен басыл- ған ба, соны анықтау қажеттігі туындайды. Мұндай зерттеу жүргізу үшін тексеріліп отырған мөртаңба- ны зерттеліп отырған кұжаттағы мөргаңбамен салыстырып қарау керек. Салыстырмалы зерттеуде қолданылатын мөртаң- ба үлгілері болуы қажет. Үлгілер зерттеліп отырған құжаггың қағазындай қағазға және катты ак кағазға мөртаңбаларды 10-12 рет әр түрлі дәрежеде басу жолымен алынады. Мөр және мөртаңбаны идентификациялау салыстырмалы зерттеу жолымен олардың жалпы және жеке белгілерінің сәйкестігі мен ерекшелігін анықтай отырып жүргізіледі. Мөрдің жалпы белгілсріне: оның формасы, көлемі, мөрдегі мәтіннің орналасуы мен мазмұны, елтаңбаның, эмблеманың, қаріптің(шрифтің) көлемі мен суреті жатады. Мөрді жасау мен қолдануға байланысты кейбір: ұсақ деталь формалары, бір-біріне қатысты жеке элементгердің орналасуы, штрихтарды қосу бұры- шының көлемі, ерекшеліктерін, жеке әріптер мен белгілердің және т.б. қисаюы мен өзгеру ерекшеліктерін жеке белгілерге жаткызамыз. 181
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==