Криминалистика
йым әдіс — жалған құжатқа таңбаның бейнесін (суретін) тікелей салу. Ол келесідей бірнеше белгілер аркылы анықталады: ал- дын ала дайындық белгілері (карындаш штрихтары, таңба бейнесінің жекеленген детальдарын салу), белгілі бір жазу не- месе сызу құралдарын қолдану (қарындаштын, циркульдің басу іздері) салынған каріп (бірдей әріптердің конфигурациясының әр түрлілігі (сәйкес келмеуі), белгілер көлемінің, олардың өзара кашықтығынын. бірдей болмауы штрихтарда (қолданылған жазу немесе сызу құралдарына байланысты) бояудың жайылуы. Сондай-ақ, жалған таңбалар суреті қағазға салынған клише колдану жолымен орындалады. Мұндай клишеден жасалған жалған таңбалар құжаттың кажетгі жеріне штрихтарды ылғалдаидырып көшіру нәтижесіңде жүзеге асырылады. Клишеден түскен таңба бейнесі - біркелкі емес, нашар көрінетін штрихтармен және құжаттың жекелеген жерлерінде бояудың жайылып түсуінен көрініс табады. Соны- мен қатар, құжаттағы таңба түскен қағаз бөлігі басқа бөліктерден ерекшеленіп тұрады, әсіресе ультракүлгін сәулелерімен зерт- теу кезінде люминесценция сипатымен ерекшеленеді. Тәжіри- бесі жоқ орындаушылар таңбаны бір құжагган екінші құжатқа тікелей көшіреді, мүндай жағдайда таңба бейнесі теріс көрініс береді. Ал тәжірибелі адамдар ылғалдандырып көшіру әдісімен таңбаны аддымен «тегіс клишеге» түсіріп алып, содан соң құжат- қа көшіреді. Аралык (жалпақ жазық) клише ретінде әдетте ылғалданған фотокағаздар, плснкілер немесе жаксы көшіру кабілетгілігі бар басқа да материалдар (піскен жұмыртқаның ақуызы және т.б.) колданылады. Мүндай әдіспен жасалған жалған таңбалар келесідей белгі- лері: штрихтағы бояулардың біркелкі түспеуі, бояу түсінің на шар түсуі, бояудың жайылып түсу белгілерінің болуы, штрих тарды колымен салу немесе бастырып түсіру белгілерінін бо луы аркылы анықталады. Түсу белгілерінің болуы, штрихтарды колымен салу немесе бастырып түсіру белгілерінің болуы ар кылы анықталады. Ультракүлгін сәулелерімен зерттеп қарау барысында «тегіс клишемен» катынаста болған қағаз бөлігінде люминесценция- ның күшейтілген түрі байқалады. Мөртаңбаны жалған құжатқа көшіру кезінде көшірме қағазының көмегімен түсіру, үстінен бастырып жазу, терезе жарығына қойып түсіру әдістері колда- рылады. 180
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==