Криминалистика
қоюдеп аталады. Мұндай жалған қол қоюдың келесідей түрлері бар: алдын ала қарындашпен салып алып, оны кейін үстінен бастыру арқылы; қолтаңбаны үстінен бастыру немесе терезеге қою жолымен кешіру кағазын қолданып бір қағаздан екінші қағазға түсіру аркылы; жоғарғы көшірмелік қасиеттегі бояғыш заттарды қолтаңба түпнұсқасынан жалған қүжатқа көшіру арқы- лы; компьютерлік әдістерді қолдану арқылы жалған қолтаңба- лар жасалынады. Жалған қол қоюдың басқа да әдістері кездеседі. Көшіру қағазы арқылы жалған қол қоюдың техникалық белгілері: әріп элементтерінің тік немесе доғал болып қисық түсуі, штрихтардың басталуы мен аякталу элементтерінің кисык түсуі және жазу құралдары іздеріндегі себепсіз үзілістердің бо- луы; бірікксн екі штрихтың болуы, алдын ала дайындалған штрихтар, екіншісі - бастырып сызу нәтижесінде пайда болған штрихтар. Қолтаңбаны көшірме қағазын колданып бастыру нәтижесіндс, алғашкы штрихтар құжат бетіне көшірме қағазы- ның бояуымен боялып түседі, ал қойылған қолды көшірме қағазын колданбай-ақ үстінен бастырып жазу кезінде жалған қүжатта түссіз бастырылған штрихтар пайда болады. Алдын ала дайындалып бастырылып жазылған іздер және көшірме қағазының бояу штрихтарынан қалған іздер микроско- пиялық зерттеу аркылы анықталады. Терезеге қою арқылы бастырып көшірілген жалған қолтаң- баны, орындаушының жүргізген бояу қозғалыс белгілері аркы лы, ал каламсаппен бастырылып көшірілген жалған колтаңба штрих бояуларының тегіс түспеу нәтижесінде пайда болған белгілері аркылы анықталады. Барлык жағдайларда көшірме кағазын пайдалану жолымен көшірілген жалған колтаңбаның жазу белгілері, құжаттағы түпнүсқа белгілеріне сәйкес келмейді. Себебі бастыру кезінде козғалыс іздерін дәлме-дәл, тура түсіру мүмкін емес. Казіргі көшірмелі-көбейтпелі комьютерлік кұралдардың көмегімен түпнұска қолға толык сәйкес келетін колтаңбалар- ды алуға мүмкіндік береді. Мүндай колтаңбаларды зерттеу штрихтардың құрамын (бөліктерін), олардың микрокүрылымын және оларды қағазға түсіру әдістерін анықтаумең ерекшеленеді. § 5. Мер және мөртанбаларын зерттеу Жалган мөр және мвртаңбаларын жасау әдіс-тәсілдері мен аларды аньіқтау әдістері. Бұл жалғандық әр түрлі әдістер қол- дану арқылы жасалады. Соның ішінде колданатын ең қарапа- 179
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==