Криминалистика
Штрих заттарының және кедергінің көшірілу мүмкіндігі (қабілеттілігі) әр түрлі болса, көрінбейтін мәтін бірнеше ылғал- дандырып көшіру әдісі немесе басқа да лабораториялық әдіс- терді қолдану арқылы анықталады. Жанған құжатгарлағы мәтіндерді қалпына келтіру. Жанған құжаттардың мәтінін қалпына келтіру мүмкіндігі жоғары тем- ператураның әсеріне ұшыраған қағаз бен штрихтардың жағда- йымен анықталады. Егер қағаз бірнеше ұсақ бөлшектерге бөлінсе мәтінді калпына келтіру мүмкін емес, ал егер оттегі аз мөлшерде болғанда жанса парактың тек сыртқы, шеткі жағына жақын жерлері бүлінеді. Қағаздың қалған бөлігі кеуіп, күйіп көмірлене бастайды. Күйген күжатқа ұқыптылықпен қараған жағдайда ғана, ондағы жазылған мәтінді анықтауға мүмкін бо- лады. Бүл кезде суретке түсірудің арнайы әдістері колданыла- ды, атап айтқанда шағылыскан ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерінде түсіру, люминесценция көрінісін зерттеу, соны- мен қатар, химиялык әдістер қолданылады. Жыртылган қүжаттардагы мәтіндерді қалпына келтіру осы құжаттардың барлық немесе бірнеше бөліктері болған жағдай- да ғана жүзеге асырылады. Күжат бөліктері жақсылап толық каралып, қағаздыңтүсіне, штрихтарға, қағаз шетініңсипатына, ондағы бүктеулердің бар-жоктығына және басқа да ерекше- ліктердің болуына байланысты топтарға бөлініп іріктелінеді. Бөліктерден бір бүтін қағаз құрау үшін қағаз бөліктері шыныға орналастырылады. Алдымен сырттары (шеттері) тегіс рамкала- ры жиналады, содан кейін қағаз бөліктерінде жалпы бөліп тура- тын сызыктар болған жағдайда кағаздың ішкі бөліктері жина лады. §4. Техникалық жалған қол қоюды зерттеу Құжатқа зандық күш беретін қажетгі реквизитгің бірі — кол- таңба болып табылады. Жалған колтаңба жасау кезінде орындаушы ең алдымен жалған койылып отырған қол мен түпнүсқаның сыртқы белгі- лерін ұксатып жасауға тырысады. Бұл әр түрлі әдістерді колда- ну аркылы жүзеге асырылады. Кейбір жағдайларда қолды кой- ған тұлғаның қолжазбасына және койылған қолына ұқсату жо- лымен, ал кейде арнайы техникалық әдістер колдану арқылы қолтаңбаның түпнұсқасына дәлме-дәл келтіріп, сол түлғаның атынан орындалады. Осы екінші әдіс техникалық жалған қол і 178
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==