Криминалистика
Әр түрлі қүжаттардын бөліктерін құрастыру жолымен де жалған кужаттар жасалады. Ол әсіресе ескі, көие кұжаттарды қолдан жасағанда қолданылады. Бүл айырмашылықтар кағаз- дарды, мәтін штрихтарын, кұжатгын барлық бөліктеріңде орын- далған мәтіндегі колжазбаны зерттегенде анықталады. Бастап- қы мәтіні бар қағаздыңбеткі кабатын киып оның орнына қажетті мәтіні бар жаңа қағаз қабатын жабыстыру жолымен кейбір құжаттарда (кассалық чектер, лотерея билеттері т.б.) бел- гілеулер ауыстырылады. Бұл кезде клейдің іздері, қағаз бөлік- терінің шекарасы, қорғаушы тор сызықтары сәйкес келмейді. § 3. Қүжаттардыц бастапқы мәтінін қалпына келтіру Корінбейтін және нашар корінетін мәтіндерді анықтау. Кұжаттағы мәтін қасакана жою нәтижесінде (өндеу, жуу, қырып өшіру), сондай-ақ табиғи себептерге (қолайсыз жағдайларда қүжаттарды сақтау нәтижесінде мәтін штрихтарының өңінің кетуі, уакыттын өтуіне байланысты штрихтардың өшіп жойы- луы т.б.) байланысты көрінбеуі мүмкін. Осындай құжаттарды зерттегенде қүжат кағазы мен штрихтар арасында түсі бойын- ша айырмашылық (контраст) болса түс белу және ажырату әдістері, карама-қайшылықты күшейту тәсілі қолданылады. Көрінбейтін мәтінді инфрақызыл және көрінетін люминес- ценцияны қоздырту жолымен, сондай-ақ штрихтардың көрін- бейтін оптикалык касиеттері арқылы инфрақызыл және ультракүлгін сәулелерінде суретке түсіруде көрініс табу жолы мен аныкталады. Сызылған, бояу төгілген және бояу жагылган жазуларды анықтау. Мұндай құжаттарды зерттеу әдістемесі штрих затта- рының физика-химиялык касиеттерінің әр түрлілігін және штрих бедерін аныктауға негізделген. Айқындалып отырған мәтін штрихтарының түсі мен кедер- гінің түсі әр түрлі болса, қүжатты зерттегенде дак түсіне сәйкес келетін түсті жарықфильтр колданылады. Сонымен катар, түса- жыратқыш жене контрасты күшейту әдістерімен фотоға түсі- ріледі, диффузды-көшірме әдісі де колданылады. Кедергі заты инфрақызыл сәулелерін сіңірмеген жағдайда, ал аныкталатын жазу оларды сіңіретін затпен орындалса, онда құжаттағы көрінбейтін жазуларды анықтау үшін электронды оптикалық кұралдар немесе инфрақызыл сәулелерде фотоға түсіру әдісін колдануға болады. 12 846 177
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==