Криминалистика

(қышқылды және сілтілі ортасын), өндеу үшін колданылған зат- тың шығу тегін анықтауға, сонымен қатар, түссіздендірілген жазбаларды қалпына келтіруге болады. Бастапқы жазылған мәтінді өшіру мақсатында штрихтарды сумен, спиртпен және басқа да ерітінділермен жуу әдісі де қол- данылады. Бұл кезде кұжаттың беткі қабатында жиегі түрлі-түсті дақтәріздес бұлдырланған іздер қалады. Жуылған жазбаларды қалпына келтіру әдістері жоғарыда көрсетілгендей, өндеу фактісін анықтау кезіндегі қолданылатын әдістер сиякты. Қосып жазу - құжаттың мәтініне жаңа жазбаларды немесе жекеленген белгілерді, кейде жекеленген штрихтарды енгізу арқылы мәтіннің бастапқы мазмұны мен мағынасын өзгерту әдісі. К.ОСЫП жазу көбінесе күжаттың мәтіні жоқ бос жерлерде жазу материалдарының түсіне ұксастырылып арнайы іріктеп алынып орындалады. Косып жазуды анықтаудыңекі түрлі белгілері бар: жазудың белгілері және материал штрихтарының физика-химиялык касиеттерінің белгілері. Жазу белгілеріне — косып жазылған жеке сөздер мен сөйлемдер жатады. Қосып жазылған үзінділер жазба белгілері бойынша құжаттың негізгі мәтінінен ерекше- ленеді. Қосып жазу үзінділері бастапқы мәтінді жазған түлға- мен орындалған жағдайдың өзінде де қолжазудың көлемінде, бағытында, екпінділігінде, жол сызыктары формалары мен ба- ғыттарында, сөз арасындагы интервалдар өлшемдерінде, үзін- дінің нсгізгі мәтінге катысты ерекше орналасуында да айырма- шылықтары болады. Жазу материалдарының физика-химиялық қасиетгерінің әр түрлілігіне негізделген қосымша жазудың белгілері: штрихтар- дың бастыру дәрежесінің өзгешелігі, бүл қиғаш түсірілген жа- рыкта, жоғарғы топ жиілігінде аныкхалады; өлшеуіш лупалар- дың, микроскоптардың, көмегімен штрихтардың жалпақты- ғының (енінің) өзгешелігі; штрихтардың микроқұрылымдары- ның ерекшелігі жазба материалдарының әр түрлігінен, жазба құралдарының ерекшеліктерінен көрініс табады; жазба мате- риалдар құрамын бейнелейтін белгілердің ерекшеліктері: а) жазба материалдарының түсі мен түрі түс бөлгіш, жарық- фильтрлердің көмегімен түс ажырату, спектрофометрлер, лазерлік спектроскопия, әдістерімен анықталады; б) инфрақы- зыл және ультракүлгін сәулелерін шағылыстыру және сіңіру кабілетгілігі; в) органикалықерітінділер мен өнделген полимерлі 175

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==