Криминалистика
негізінен екі топқа бөлінеді: толық және жартылай. Жартылай жалған жасау қылмыскердің қолындағы түпнұсқа құжатқа өзгерістер енгізуден түрады. Жартылай жалған жасаудың әдістері: тазарту, өндеу, жуу, қосып жазу, қосып басу, фото- суреттерді және кағаз беттерін ауыстыру. Құжаттарды толық жалған жасау келесідей нұсқалардажүргізіледі. Қылмыскер мөр басылған және мекеме штампы қойылған құжаттың таза бланкісін тауып, оған тек мәтін енгізіп, басқарушының қолтаң- баларын жалған кояды. Басқа нүсқасы, қылмыскер таза бланк тауып, оған жалған мер және колтаңба қойып, сәйкес мәтін енгізеді. Соңғы бір нүсқасы, қылмыскер кұжатбланкін қолдан дайындап, құжатка қажетті жалған реквизиттерді енгізеді. Құжаттарды техникалық жалған жасаудан корғау үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер қарастырылған. ҚұжаттарДың жалпы жүйесі бо- йынша катаң тіркеудегі күжаттарды бөліп қарауға болады. § 2. Кұжаттардын бастапқы мазмұнын өзгерту мен оларды калпына келтірудіц әдіс-тәсілдері Қүжаттарды қолдан жасаудыц барынша кең тараган түрлері: түпнұсқа кұжаттың мазмұнын қырып өшіру, косып жазу, хи- миялық реактивтер қолдану, кұжаттың кейбір беттерін, кұжат- тағы фотосуреттерді ауыстыру жолдарымен өзгерістер енгізу. Тазарту дегеніміз - мәтінді өшіргішпен немесе еткір заттар- мен: лезвия, пышақ, скальпельмен кыру арқылы механикалык өшіру. Қырып өшіру нәтижесінде кағаздың бсткі кабатының құры- лымы өзгереді, бүзылады және кағаз бетінде тікірейген талшык- тар пайда болады. Олар киғаш түсірілетін жарықтықта зерттеу кезінде мұкият бақылау жүргізу арқылы көзге көрінеді. Қағаз бетіндегі мәтінді қырып өшіру нәтижесінде қағаз жұқарады. Пайда болған мұндай белгілер күжаттарды өткінші жарыктык- та қарау кезінде анықталуы мүмкін. Қағаздың беткі кабатымен бірге, оның корғаушы торы, ас- сюре, баспаханалық сызыктар мен бастапқы орындалған мәтін- нің штрихтары жойылады немесе зақымданып бүлінеді. Бұл белгілер құжаттарды үлкейткіш әйнектер (лупа) немесе микро скоп арқылы қарағанда анықталады. Сонымен катар, корғаныш торы мен ассюренің зақымдалған сызықтарының үстінен қайта басып жазу іздері, қырып тазаланған жерлерде қайта орындал- 173
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==