Криминалистика
VI т а р а у ҚҮЖАТТАРДЫ ТЕХНИКА-КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ §1. Қүжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудін түсінігі және оныц міндеттері мен түрлері ’ Қүжаттарды техника-криминалистикалық зерттеу дегеніміз - қылмыстык және азаматтык істер бойынша затгай дәлелдеме болып табылатын қүжаттарды зерттеу кезінде туындайтын мәселелерді шешу максатында жаратылыстану және баска да техникалық ғылым салаларынан алынған теориялық ережелер мен арнайы әдістерді жүйелендіру негізінде қалыптасқан кри- миналистикалыктехниканың жеке бір саласы. Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеуге жататын мәселелер шеңбері, зертгеу кезінде колданылатын әдістер си- яқты кең аукымды және көп түрлі. Құжаттарды техника-кри- миналистикалық зерттеудің жалпы мәселелері идентифика- циялык және идентификациялык емес деп екі топка бөлінеді. Оларға мыналар жатады: Идентификациялык: • құжаттар бір әдіспен жасалған ба (немесе реквизиттері); • күжаттағы мөр таңбалары осы мөрмен басылған ба; • құжаттағы жазбалар осы қаламмен жазылған ба; • кұжат мәтіні осы жазу машинкасында басылған ба; • күжаттың бланкісі осы клише көмегімен орындалынған ба; • кұжаттың бланкісі осы станокта басылған ба; • күжаттың бланкісін дайындауда осы бояулар қолданылған ба; • кұжаттың бланкісін дайындау үшін кағаз колданылған ба; • кұжатгың бланкісін дайындау үшін материалдар колданыл- ған ба және баска да сұрактарды аныктау. Идентификациялык емес мәселелер: • құжат мәтінінде кандай да бір өзгерістер бар ма, бар болса кандай, кандай әдіспен жасалған және құжаттың бастапкы маз- мұны қандай болған; • кұжат немесе оның реквизиттері қандай әдіспен жасалған; • кұжат қай уақытта жасалған және де онын реквизиттері қандай кезектілікте жасалған; • кұжат кандай техникалык күрал-жабдыктар мен мате- риалдардың көмегімен дайындалған; 171
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==