Криминалистика
Бірінші жағдайда тергеуші белгілі бір функционалдық стиль шеңберінде орындауды нүсқайды. Мысалы: хат, арыз-өтініш, шағым-арыз және т.б. Екіншіден, тергеуші жазылатын мәтіннін тақырыбын жазба тілінің белгілі бір формасында адресін ұсы- нады. Осы көрсетілген үлгілермен катар, зерттелетін мәтін сипатына катысты емес эксперименталды үлгілер алынуы қажет. Олар тексерілетін автордың жазба тіл белгілерін объективті ба- ғалауға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда жазу тілінің иіартты-еркін улгілері де қолданылады. Бүл мәтіндер тергеу барысында пайда болған кылмыстык іс материалдарындағы түсініктемелер, өз колымен жазған көрсетпелер, арыз-шағымдар және тағы баскалар. Бұлар сараптамада косымша салыстырмалы материалдар ретінде ка- растырылады. Авторлыкты анықтау мәселесін шешу мүмкіндігі зерттеуге жіберілген материалдың көлемімен, сапасымен зерттеу әдісте- месінің жетілу деңгейімен анықталады. Казіргі уақытта идең- тификациялык криминалистикалық автортану сараптамасының теориялық және әдістемелік негізі жоғары дәрежеде өнделген, ол барлык жағдайда авторды идентификациялауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кұжат авторының ана тілін, білім дең- гейін, тіл дағдысының кай елді мекенде калыптасқандығын анықтаумен байланысты классификациялы-диагностикалык әдістемелерде қалыптаскан. Автортанудың әдістеріне төмендегілер жатады: 1) лингвистикалык (сондай-ақ, лингвостатистикалық), тіл құрылымы мен элементгерін аныктаумен байланысты; 2) психолингвистикалық, тұлғаның сөйлеу жүйесіне эсер ететін психикалык процесс ерекшеліктері түрғысынан сөйлеу- дегі тіл құрылымына талдау жүргізуге мүмкіндік беретін әдіс; 3) әлеуметті-лингвистикалық, тілдін кандай әлеуметтік фак- торлармен байланысты екенін аныктайтын әдіс; 4) логика-психологиялык, автордың тілдік және интеллек- туалдық дағдыларының касиеттері мен ерекшеліктерін анык тайтын мәтіннің қүрылымы мен логикалык элементтеріне тал дау жасауға бағытталған; 5) тіл дағдысының даму дәрежесін анықтаудың математика- лық-сандык әдісі, электронды-есептегіш техника базасына негізделген жазба тілінің калыптасқан тілдік дағдысынын жал- пы және жеке белгілеріне статистикалық талдау жасау. 170
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==