Криминалистика

танудын бұл түрі қолжазуды криминалистикалык зерттеу ба- рысында жазба тіл зандылығын зертгейтін нақты бір арнайы ғылымды колдану негізінде калыптаскан. Мәтінді орындаушы жөніндегі мәселені шешу кезінде жазу тіл белгілері көмекші маңыздағы ғана рөлді аткарады. Ал ав- тортану зерттеулерінде, олар басты рөлді аткара отырып кұжат- ты толтырған автордың жеке басы туралы белгілі бір корытын- дыға келуге негіз болады. Бұл әсіресе мәтінді орындаушы мен автор әр түрлі тұлғалар болған жағдайдағы іс үшін өте маңызды болып табылады. Жазу тілдің кызмет етуінің негізін тілдік және интеллек- туалдык дағдылар кешені күрайды. Тілдік дағдыға жоғарыда көрсеткендей - тарау, бөлім, пункттік, орфографиялык, лек- сико-фразеологиялык, синтаксистік және стилистік дағдылар жатады. Зияткерлік дағды әр адамға тән болмысты тану әдісін сипат- тайды және қабылдау, ойлау, есте сақтау дағдыларынан тұра- ды. Бүл дағдылардың мазмұнын адам психикасынан көрініс та- батын меңгерілген және жекеленген тілдік және ойлау норма- лары мен одан ауытқулыктар күрайды. Дағдылар мазмүны, олар накты түлғаларда калыптасу жағ- дайы мен ерекшелігіне тікелей байланысты болады және де қабылданған мәліметтерді сол тұлғаның қолдануымен анықта- лады. Жекеленген тілдік және зияткерлік дағдылар ойлау, сөйлеу нормаларының белгілі бір жиынтығының әрбір адамда калып- тасуы мен оларды сөйлеу барысында колдану ерекшелі-гінен көрініс табады. Мұнда адам кандай да бір норманы колданып сөйлеуге үйреніп, калыптасады және ол әдетте өзінін ойын жеткізу кезінде сөз құрамының барлығын емес, жартылай ғана жеткізуге дағдыланады. Осыған байланысты эр адамда сирек кездесетін қайталанбайтын тілдік жиынтықтар мен зияткерлік дағдылар пайда болады. Осы жекелей калыптаскан дағдылар арқылы зерттелетін қүжат мәтінінің авторын идентификациялауға бо ­ лады. Криминалистикалык автортанудың гылыми негізін - адам тілінің сөйлеу шарты мен зандылығын, тілдің жекелену себебін, динамикалық тұрактылығын, жазба тілінін алуан түрлілігін цнықтау туралы және кылмысты тергеу максатында оны зерт- 166

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==