Криминалистика
8. Жазудың шапшандығына байланысты болуы керек. Тез жазылған колжазбаларға - дәріс конспекгілері т.б., жай шап- шаидықпен жазылған - ресми құжаттардың мәтіндері. Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаса, сарапшы өз міндетін орындай алмауы мүмкін. Маңызды мәселелердің қата- рына берілген үлгілердің сандық көлемі де жатады. Еркін үлгілер саны 10-15 болуы керек. Қолжазба мен кол таңбаның эксперименталды үлгілерін алу. Эксперименталды үлгілер еркін үлгілер сияқты зерттелетін объектіге жазылуы жағынан, тіліне, мазмүны, хат материалда- ры, жасалу амалына, мүмкіндік болса кұжатты жасау жағдайы- на және жазудын шапшандығына катысты салыстыруға келе- тіндей болуы қажет. Бірак эксперименталды үлгілерді алудың өз ерекшелігі бар. Эксперименталды үлгілерді алу кезінде жа- затын адамға әдетгегі жағдай жасалынуы тиіс (көзілдірік киетін болса). Эксперименталды үлгілер тергеушінің айтуы бойынша (диктовка) жазылады немесе тергеушініңұсынған такырыбына шығарма жазу нәтижесінде алынады. Алдын ала айту шапшаң- дығы белгіленеді. Мүмкіндік болса, зерттелетін құжат мәтінін 3 — 4 рет жазғызу керек. Ал, егер мәтіннің мазмүнын жазатын адамнын білуі кажет емес деп тапса, онда кездесетін сөздерді басқа байланыста келтіріп, жазғыздыртады. Арасына уакыт са- лып колтаңба үлгілерін бірнеше реталу кажет. Экспериментал ды үлгілерді алу кезінде зерттелінетін объектілердің жасалу жағдайының бәрін ескерту керек. Колтаңбанын үлгісін алу ба- рысында жазатын адамның колтаңбасының барлык вариантта- рын жазуды сүрайды. Ал біреудің атынан қол койғанын тексе- ♦ ру кезінде, сол кісінің фамилиясын бірнеше катар жазғыздыру қажет. Еркін үлгілерді алғанда маман-колжазбатанушы тергеушіге іздеу жоспарын кұрып бергені дүрыс. Онда: қай тілде, қай гра фика негізінде, кандай құжат түрінде, қай мерзім кезіндегі үлгілерді жинау керек екендігі көрсетіледі. §5. Криминалистикалык автортанудың түсінігі, міндеттері және ғылыми негіздері Қүжатгағы мәтіннің авторын аныктау мақсатында жүргізі- летін криминалистикалык зерттеулер, криминалистикалык ав- тортанудың құзыретгілігіне жатады. Криминалистикалык автор- 165
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==