Криминалистика

найы сараптама үшін орындалмаған. Бұл үлгілер ерекше түрдегі үлгілер болып есептелінеді. Өйткені оларды не ерікті, не экспе- рименталды үлгілер қатарына жатқыза алмаймыз. Енді қолжазбаныңеркін үлгілеріне койылатын талаптарту- ралы айтып кетейік. Ерікті үлгілер ретінде алынатын мәтіндер мен қолжазбалардың белгілі сапалы касиеттері болуы керек. Салыстырмалы материалдардың сапасы жөнінде айтқанда, терең және жан-жакты зертгеу жүргізуге мүмкіндік беретін қасиеттері қарастырылады. Бұл үлгілердің зерттелетін қүжатпен салысты- руға болатын жағдайда ғана мүмкін. Үлгілер зерттелетін құжат- қа сәйкес келуі тиіс: 1. Жазуы мен тілі бойынша. Зерттелетін кұжаттағы әр түрлі жазу мен тілде жазылған мәтіндердің, атап айтқанда: жазу белгілерін, сөйлем қүрау ерекшеліктерін, баяндау стильдерін салыстыру мүмкін емес. 2. Жазылу уақытысына қарай. Зерттелетін құжат пен еркін үлгінің жасалу уакытының үзілісі минималды болу керек. Қол- жазудың белгілері мен тұрактылығы уақыт өтуге байланысты өзгереді. Мектеп кезінде кол жазудың тұрақтылығы туралы шартты түрде ғана айтуға болады. Бұл колжазудың қалыптаса- тын кезеңі. Сондықтан, үлгіні зерттеу құжаты жазылған уақыт аралығындағысын алу қажет. Ересек адамның қолжазуы қалып- тасқан болып табылады. Үлгі мен зерттеу күжаты арасында бірнеше жыл өтуі мүмкін. Ал жасы ұлғайған, кәрі адамдардың жазу дағдысы ішінара бұзылып, қол жазудың өзгеруіне әкеледі. Әрі бұл процесс тез жүруі мүмкін, сондықтан қартайған адам- дардың жасаған құжаттарын зерттегенде салыстырмалы мате- риалдар сол кезеңге байланысты болуы тиіс. 3. Мазмұны жағынан және белгіленген мақсатына байла ­ нысты болуы кажет. Мысалы: бланк бетіне жазылған мәтіннің салыстырма үлгісінің осындай бланкке жазылуы. 4. Колжазбаның материалына байланысты. Үлгілерді жазу материалдарының сәйкес келуі маңызды мәселе (калам не карындашпен, бірдей кағаздарға жазылуы). 5. Жасалу амалдары бойынша. Зерттелінетін мәтін белгілі бір шрифтке сәйкестендіріп жазылса. Мысалы: баспа әріптері формасыңда, сызба ретінде немесе сол қолмен. 6. Күжатты жасау шарттары бойынша. Ерекше жағдайларда жасалса: отырып, түрып. 7. Жазуды орындаған адамның хал-күйіне байланысты. t 164

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==