Криминалистика

үлгілер — құжат мәтіндері, қол жазбалар, автобиографиялар, арыз, анкета, жеке хатгар, конспектілер т.б. түрінде айыпкердің (сезіктінің) орындалуымен жүзеге асырылады. Олар қылмыс- тык іс қозғалғанға дейін пайда болады және кылмыстық іске ешқандай қатысы жок. Еркін үлгілерді тергеуші тергеу әрекет- терін жүргізу барысында (тінту, алу) немесе мекемелер мен жеке адамдардан алады. Бұл үлгілер әдеттегі жазумен орындалады және касақана бүрмаланбайды. Қолжазбанын, экспериментал- ды үлгілерінің еркін үлгілерден айырмашылығы — олар сарап- тама жүргізу үшін арнайы алынады. Эксперименталды үлгілердіңалынуыныңқажеттілігі әртүрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Мысалы: тергеуші зерт- теуге қажетті көлемде еркін үлгілерді жинай алмауы. Кей жағ- дайларда қажетті еркін үлгілер саны жағынан жеткілікті, бірақ олар зерттелінетін объектіден өзгеше (зерттелінетін кұжат мәтіні карындашпен, ал ерікті үлгілер сиямен жазылған). Эксперименталды үлгілерді алудыц ерекіиелігі — олар арнайы дайындалған жағдайларда алынады және жасандылык элементтерін жою үшін, кездейсоқ жағдайлардың әсерін жою үшін үлгі алуда сан жағынан шек қойылмайды. Эксперимен ­ талды үлгілерді тергеушінін жеке өзі немесе маманның қаты- суымен алады. Тергеуші қолжазбатану зерттеулері үшін үлгілер алу туралы каулы мен колхат ала отырып, сезіктіні, айыпталу- шыны, жәбірленушіні, куәні таныстырады, тергеу әрекетіне катысушы өзге адамдарға олардың кұкықтары мен міндетгерін түсіндіреді. Қолжазбаның эксперименталдық үлгілерін жасау процесі кезінде зерттелінетін құжатты үлгі алынып отырған адамға көрсетуге не көшіруге беруге болмайды. Бұл зерттеліне- тін күжатқа ұқсастырып немесе керісінше, зерттелінетін кұжат- тыңорындаушысы жазуын өзгертуіне әкелуі мүмкін. Ал бүл өз алдына қолжазбатану зерттеулерін қиындатады. Эксперимен ­ талды үлгілер мәжбүрлеу арқылы алынуы мүмкін. КІЖК-де са- раптамалық зерттеу үшін үлгілер алудың хатгамасын дайындауы туралы көрсетілген. Үлгілерді орындаушысына көрсетіп, оның өз колымен жазғанын растайтын колы қойылады. Сараптамаға жіберілетін зерттеу объектілері мен үлгілері тиісінше буып- түйіп, мөрмен бекітіліп, хаттамаға коса тіркеледі. Шартты-еркін үлгілер — кылмыстық іс қозғалып, оның пай ­ да болғаннан кейінгі жазылған қолжазбалар. Көбінесе олар іспен байланысты (түсініктемелері, арыз, шағым т.б.), бірақ ар- 163

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==