Криминалистика
Қолжазбаны зерттеу орындаушының әлеуметтік-демогра- фиялыксипатына байланысты жорамалдау мақсатында (жыны- сы, жасы, кәсібі), сонымен катар олардың психикалық жай- күйін анықтау (ауруға шалдығуы мен көңіл-күйінің бүзылуы) және идентификациялау мақсатында жүргізіледі. §4. Қолжазба үлгілерініц түсінігі Сот сараптамасын жүргізуге қажетті материалдарды дайын- дау келесі операциялардан түрады: 1. Сараптамалық зерттеуге жататын істің жағдайларын, заттай дәлелдемелерді және басқа да объектілерді бөліп сараптаманың түрін және мақсатын анық- тау. 2. Кажетті материалдарды жинау (салыстырма үлгілерін), оларды тиісті тәртіппен буып-түю және дайындау. 3. Сарапта- малық мекемені немесе сарапшыны тандау. 4. Сараптаманы та- ғайындауды процессуальдык жағынан дайындау. 5. Сараптама тағайындау туралы каулыны және материалдарды сараптама- лық мекемеге жіберу немесе оларды сарапшының өзіне беру. Тергеуші сараптаманы тағайыңдау қажет деп тапканнан кейін белгілі бір дайындык шараларын жүргізеді. Бүл дайындык са- тысының дұрыс әрі толык болуы сараптаманың жүргізілуіне, сондай-ақ іс бойынша дәлелдемелер қатарына жататын сарап- шының корытындысының объективті, сенімді болуына үлкен әсерін тигізеді. Яғни, іс бойынша кандай жағдайлар, объектілер зерттеуге жататынына толык көз жеткізу. Сараптаманың мін- деттерін дәл әрі накты аныктау керек. Бұл мәселені шешу кезінде қиындыктар туындаса, тергеуші маманды шакыру ар- кылы шеше алады. Қолжазбатану материалдары болып сарап- шының дұрыс және негізделінген корытынды беру үшін кажет болатын фактілі мән-жайларды алып аныктайтын және сарап- тамалық зерттеуге жіберілетін, зерттелінетін, салыстырылатын объектілер мен кылмыстық істің материалдары жатады. Сарап- шыға зертгелінетін окиғамен, объектімен себепті байланыста болатын фактілі мән-жайлар көрсетілген материалдар жіберілуі тиіс. Қолжазбаны зерттеу үшін үлгілерді алу КІЖК-не тергеу әрекеті болып және жеке тарау ретінде кіргізілініп отыр. Қол- жазбатанудың объектілері болып - арнайы білім қолдану нәтижесінде дәлелдемелерді алудың қайнар көзі болып табы- латын, тергеуші және сотпен жиналып сарапшыға ұсынылатын дәлелдемелік ақпараты бар материалдық заттар табылады. Қол- 160
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==