Криминалистика
байланысу ерекшеліктері көрсетілген. Мысалы, 40-2-суретте «ф» әріпі элементтерінін үздіксіз орындалуы, 40-3, 40-4-суреттерде «ж» және «т» әріптері элементтерінің бөлек жазылуы көрсетілген, 40-5, 40-6-суретте «б-е»; «ы-р»; «ү-р» және «т-р»; «б-у» әріптерінің үздіксіз жазылу көрсетілген. 2. Жазу белгілері мен олардың элементгерінің өлшемі, қисаюы бойынша өзара қатыстылығының ерекшеліктері. Мы салы, 40-7-суреттс «н» әріпініңоңжағының вертикалды элементі сол жақ элементінен кішірек екендігі және «а» әріпінің соңғы элементі жазу жолының ортаңғы белігінде орналаскандығы көрсетілген. 3. Жазу белгілері штрихтарының басталуы мен аякталу нүктелерінің орналасуы және оларды орындау әдістері. Мыса лы, суреттерде «р» әріпінің әр түрлі жазылу түрлері көрсетілген. 40-8-суретте «р» әріпінің вертикалды элементінің дөңгелек элементінен төменірек орналасуы, 40-9-суретте вертикалды элементтіңдөңгелек элементінен жоғары орналасуы және бас талуы ілмек формасында жазылған «р» әріпі көрсетілген, 40-10-суретте «р» әріпініц вертикалды элементі штрих ретінде сол жактан он жақка карай бағытталып томен кеткендігі белгіленген, ал 40-1 1-суретте «р» әріпінің вертикалды элемен- тімен дөңгслснген элементті бір денгейде орналаскан. 40-8-сурет. 40-9-сурет. 40-10-сурет. Жеке белгілердің идентификациялык маңыздылығы мен мәнділігі, олардың баска адамдар орындаған колжазбаларында кездесу жиілігіне байланысты. Жеке белгілердін кездесу жиілігі төмендеген сайын, орындаушыны анықтау кезіндегі қолданы- латын белгінін маңыздылығы соғұрлым жоғарылайды. 159
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==