Криминалистика
6. Әріптердің қагаз бетіне батып жазылуы — жазба күралда- рына салынған салмақ аркылы сипатталады. Колжазбаның қатты, орташа және әлсіз басып жазу түрлері бар. Әріп штрих- тарының терендігі тек басып жазумен ғана емес, сонымен қатар қағаздын сапасына, жазу құралының ерекшелігіне байланысты сипатталады. 7. Қолжазба қозгалысының жалпы багыты. Жазбалар қозға- лыс бағытына карай он. жакты және сол жақты болып бөлінеді. Әдетте сағат тіліне қарсы бағытталған сол жақты қозғалыстар жиі кездеседі. Керісінше он жакка карай бағытталған козғалы- стағы қолжазбалар сирек кездеседі. 8. Калжазба орындау қозгалысының қурылысы, формасы, созы- луы, саны, кезектілігі, үзілмеулігі және үдетілуі жағынан қарас- тырылады. Қолжазбада жиі кездесетін қозғалыс формасы — тік сызықты-бұрыцггы,дөңгеленген, иректелген, бұрышты -дөңге- ленген, иректеліп дөңгеленген, доғал тәріздес, ілмек тәріздес болып келеді. Әріптердің бойлық осінің орналасуы тік оңға және солға ба- ғытталған болса, қолжазбаның тұрақты емес түрін көрсетеді. Колжазба тұрақтылығының көрсеткішіне, жазба белгілері формасының, өлшемдерінің, кисаюының кайталануы және әр түрлі жағдайда жазуды орындау барысында қағаз бетінде мәтіннің орналасу ерекшеліктері жатады. Сонымен, барлык ғалым-криминалистердің еңбектерінде қолжазбаның мынандай жалпы белгілері көрсетілген: қалыпта- суы ( жазудың жылдамдыгы), қолжазбаның влшемі, ( екпінділігі), тігінен турган элементтердің қисаюы, байланыстылыгы, жазба- дагы қозгалыстың жалпы багыты, жазбадагы жалпы қозгалыс формасы, созылуы, қурылысы, саны, үзілмеулігі және удетілуі. Кейбір криминалистер жалпы белгілер катарына басып жазу белгісін де жатқызады. Жеке белгілерге жеке жазу белгілерін орындау барысындағы ерекшеліктер және олардын мектептегі жазу үлгілері нормала- ры мен колжазбаның жалпы сипаттамасынан ауытқуы жатады. Мұндай ауытқулар әріптің кез келген штрихтарынан көрініс табады: бастапқы және аяктаушы, негізгі және байланыстыра- тын, сопакша және жартылай сопақталған, жол үсті және жол 157
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==