Криминалистика

ған қүжаттағы колжазу дәрежесі тексеріліп отырған адамның әдеттегі қалыптасқан жазуынан жоғары деңгейде болса, күдіктеніп отырған орындаушы бұл мәтінді орындамады деген шешімге келуге болады. Қалыптасу деңгейі бірдей қолжазбаларды құрылысына бай- ланысты ажыратамыз. Қолжазбанын жазба белгілері ресми жаз- баға сәйкес болған жазу қарапайым болып саналады. Егер рес ­ ми жазуда ауытқулықтар болса, ол жазудың ауытқу сипатына сәйкес — күрделенген немесе қысқартылған болады. 2. Жазудыц қисаюы - жазба белгісінің бойлық осі мен жол сызығының арақатынасы арқылы анықталады. Жазулар тік, оң жене сол жаққа карай қисайған болып бөлінеді. Жазудың кисаюы тұрақты белгілер қатарына жатпайды, сондыктан да жазбаны бүркемелеу мақсатында жиі өзгертіледі. 3. Қолжазудың екпінділігі әріптерді орындау кезіндегі тік және көлденең жасалған қозғалыстың өзара қатынасын көрсетеді. Төмен екпінде жазылған колжазбадағы әріптердіңені, биіктігінің ұзындығынан темен болады. Жоғары екпінде орын- далған колжазба әріптерінің ені биіктігінен жоғары түрде орын- далады. Ал, өтпелі көрсеткіштерге ие колжазбалар орташа екпінде орындалып ені мен биіктігі өзара тең болып табылады. 4. Қолжазбаның өлшемі — әріптердің орташа биіктігіне карай анықталады. Ірі өлшемде әріптердің орташа биіктігі - 4мм-ден жоғары, орташа — 4мм-ге дейін аралығында, кіші өлшемде әріп биіктігі - 2мм-ге дейін. 5. Жазбанын байланыстылығы жазба құралын кағаз бетінен үзбей орындалған әріптердің саны бойынша аныкталынады. Колжазу байланыстылығы темен, орташа, жоғары деп бөлінеді. Жазбаның жоғары байланыстылығы жазу кұралын кағаз бетінен алмастан, әріптерді, олардың тіркестерін және сөздерді үзбей жазуды көрсетеді. Ол әріпті конструкцияда жеңілдетіп жазу, штрихтардың басталуы мен аяқталу жақтарының үшкірленуінен көрініс табады. Баяу жылдамдықта жазылған колжазбадан жазу кұралының қағаз бетінен жиі үзіліс алуын, сондай-ақ әріп конструкцияла- рының күрделілігін, штрихтардың басталуы мен аяқталу жақ- тарының доғалдануын байқаймыз. Темен байланыстылыкта 3 әріпке дейін, орташада 3 — 6 әріпке дейін, ал жоғары байла ­ ныстылыкта 6 әріптен көп орындалады. Бұл белгі тұракты бо ­ лып табылады, себебі жазба байланыстылық деңгейін ұзақ жат- тығуларсыз көтеру мүмкін емес. 154

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==