Криминалистика

әріптің иіліп келетін жерлерінің бүрыштануы, әріп өлшемінің кисаюының және орналасуының біркелкі еместігі. Қолжазбаны орындаушының қозғалыс координациясының бұзылуы идентификациялауға кедергі келтірмейді, себебі идсн- тификацияға кажетті белгілер сақталынады. Дегенімен кей жағ- дайларда (адамның жарақат алуы, психикалық-жүйке ауруына шалдығуы және т.б.) қолжазбаның түпкілікті өзгеріске ұшы- рауы салдарынан идентификация жасауға мүмкіндік бермейді. Әріп белгілерініңжүйелі түрде өзгеріп отыруы қолжазбаның әр түрлі вариантта орындалуын көрсетеді. Мысалы: ресми құжат толтырудағы колжазу, күнделікті дәріс жазғандағы немесе бас ­ ка да жазулар. Жазу варианттылығын ескеру салыстырмалы зерттеуді дұрыс жүргізуде ерекше орын алады. Салыстырмалы тұрақтылык белгісімен катар қолжазбаны идентификациялау үшін өте маңызды белгілерінің біріне оның жекелігі жатады. Қолжазу дағдысының калыптасуына әр түрлі факторлар өз әсерін тигізеді. Бүл оның психикасы, анатомиялық құрылысы, физиологиясы, мектепте және үйде жазуды үйрету шарттары мен әдістемесінін әр түрлі болуы, кейінгі жағдайлар, әсіресе мамандығы, кәсібі. Колжазудың кейіннен жекеленіп дағдыла- нуына келесідей факторлар эсер етеді: колжазу кезінде жұмыс істеу мен оқу барысындағы калыпты жағдайдың болуы, орын- далатын құжаттардың сипатына және тағы басқа жағдайларға байланысты. Сонымен, ғалым-колжазбатанушылар өз зерттеулерінде қол- жазбаға тән зандылықтарды анықтады: 1) әрбір адамның қолжазбасы жскеленген; 2) ол салыстырмалы түрақты; 3) әрбір қолжазбаның вариациялығы болады. Бүл әр адамның колжазуының калыптасуындағы өзіндік, қайталанбайтын ерекше жеке белгілер жиынтығынан түрады. §3. Қолжазба белгілерінің түсінігі Әрбір адамның жазба тіл дағдысын сипаттайтын белгілер жиынтығын екі топка бөлеміз: 1) жазба тілінің белгілері; 2) жазба белгілері. Жазба тіл белгілері жазудың мағыналық жағын сипаттайтын тілдің бір түрі. Ал, жазба белгілері жазба тілінің козғалып сы- эылу жағынан карастырады. 152

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==