Криминалистика

құқықтық мәселе болып табылатындықтан, оны тек қана тергеуші мен сот шешеді. Құжаттардың криминалистикалык сараптамасы - анықтама өндірісінде, алдын ала тергеуде және кылмыстық істер бойынша сот талкылауында және істерді аза- маттык процесте қарау кезіңде тағайындалады. Егер де ұсыныл- ған құжаттың түпнұскасына күмән келтірілетін жағдайлар туындаса, мүндай сараптаманы тағайындау кұқығы мемлекеттік нотариусқа және нотариалдықәрекетті жүзеге асыратын лауа- зымды тұлғаларға (мемлекеттік нотариат туралы заң) беріледі. §2. Криминалистикалык қолжазбатанудың түсінігі, объектісі, гылыми негіздері Жазу тілі адамның жазу барысында пайда болатын крими ­ налистикалык зерттеу объектісінің кеңінен таралған түрлерінің бірі. Қолжазбаны зертгеу криминалистикалык техника бөлімінің маңызды әрі дәстүрлі саласының біріне жатады. Қолжазбата- нудың ғылыми негіздері А.И. Винберг, С.И. Тихенко, Л.Е. Ароц- кер, В.Ф. Орлова, Р.М. Ланцман, А.И. Манцветова және басқа да кеңес ғалым-криминалистердің еңбектеріңде зерттелінген. Ғалым-криминалистердің арасынан қолжазбатану теориясын қалыптастырған казақстандық ғалымдарды да корсете аламыз: В.А. Хван, Н.А. Джангельдин, А.М. Агушевич, Т.Т. Культеле- ева, Л. Шегебаева, А.С. Калимова және т.б. Колжазбаны криминалистикалык зерттеу объектісіне жаз- ба мен қолжазбаның жекеленген және тұрақты белгілері көрініс табатын кең көлемді қолжазбалар (хат, күнделік және т.б.), со- нымен катар, қолтаңба, қолмен орындалған сандық немесе сим- волдық белгілер жатады. Колжазуларды зерттеу барысында карастырылатын мәселе- лер екі топқа бөлінеді: 1) идентификациялық; 2) идентификациялық емес. Осы сұрақтар қылмыстық және азаматтық істерді қарасты- ру кезінде шешіледі. Идентификациялық мәселелерді шешу кезінде мынандай сұрақтар анықталады: қолжазуды немесе қолтаңбаны орында- ған кім? Орындаған осы тұлға ма әлде баска ма? Егер тергеу барысында орындаушы түлға анықталынбаса, бірнеше құжат- 149

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==