Криминалистика

дөнгелек мөрді бойлаған осьтер шеңбер радиусы бойынша ор- наласады. Күжатгарды карау жағдайлары мен нәтижелері Қыл- мыстық іс жүргізу кодексінің баптарына сәйкес хаттамада: кұжатгың атауы, оның нөмірі, берілген күні, кімнің атына беріл- гендігі, құжаттың өлшемдері, оның жиектерінің (шеттерінің) сипаты, жыртылған жерлерінің, дақтарының, бүктеулердің бо- луы, қүжатты дайындауға қолданған материалдардын түрлері (кағаздың түсі мен тығыздығы, бояғыш заттардың түсі), транс- крипцияның, қолтаңбалардың және мөр мен мөртаңбалардың орналасуы, қарау кезінде анықталған жалғандық белгілер си- патталып жазылады. Хаттамада қарау кезінде қолданылған техникалык кұрал- жабдықтар, оларды колдану шарттары мен тәртібі, техникалық күралдар қолданылған объектілер көрсетіледі. Қарау барысын- да табылған құжат және қүжатгың белгілері фотосурет әдіс- терімен де бекітілуі мүмкін. Тергеушіге құжаттарды қарау, бекіту және алу кезіңде, әсіре- се, электрографиялык көшірмелерді, құжаттықемес сипаггағы компьютермен теріліп принтерде басылған құжаттарды, ерек- ше жағдайларда мөртаңбалары басылған Кұжаттарды т.б. карау кезінде мамандар үлкен көмек көрсетеді. Күжаттарды криминалисткалық зерттеудің үш түрі карас- тырылады: 1) қолжазуды криминалистикалык зерттеу (колжазбатану); 2) мәтін авторын криминалистикалык зерттеу (автортану); 3) құжаттарды техника-криминалистикалык зерттеу. Қолжазуды криминалистикалык зерттеудің міндеті колжаз- баны орындаушыны немесе онын касиеті мен колжазуды орын- дау кезіндегі хал-күй жағдайын (жынысын, жасын, жеке және кәсіптік ерекшеліктерін, мае болу жағдайын т.б.) аныктау бо- лып табылады. Криминалистикалык автортанудың міндеті колжазба не бас- па мәтінінің авторын анықтау. Техника-криминалистикалык зертгеудің мақсаты тергеуге маңызды құжаттың алғашқы мазмұнын өзгертудің және құжат- ты дайындаудың әдісі мен жағдайларын аныктау. Осы аталған міндетгерді шешу үшін арнайы ғылыми білімдерді және кри ­ миналистикалык әдістеме негізінде әр түрлі ғылым саласындағы әдістерді қолдануды талап етеді. Кұжаттарды криминалистикалык сараптаудың пәніне құжат- т|>іңтүп нұскасын немесе жалғандығын аныктау жатпайды. Бұл 148

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==