Криминалистика
ген) және жанған (өртенген) күжаттарды мүмкіндігінше екі әйнектің арасына салып сақтау қажет. Кұжаітарды сараптамаға жібергенде оларды таза қағаздың арасына қойып тығыз конвертке саду ұсынылады. Кұжаттарды карауды екі кезеңге бөлуге болады: біріншісіңде — қайшылыктардың болу мүмкіндігін анықтау мақсатында құжат- тардың мазмұны зерттелінеді, ал екінші кезенде - оның кандай да бір өзгерістерге ұшырағандығы анықталады. Құжаттың мазмүнындағы қайшылықтар, оның жекелеген реквизиттерін салыстыру жолымен аныкталады. Атап айткан- да: бланктерін, мөр және мөртаңбаларын, құжатты беру және бланктідайындау мезгілдерін. Құжаттағы кайшылықтар, дұрыс дайындалған құжат үлгісімен салыстыру аркылы ғана аныкта лады. Егер құжат бірнеше данадан жасалған болса, олардың барлығын салыстыру керек. Бухгалтерлік құжаттарды карау кезінде оған байланысты құжаттармен салыстырып, ондағы сандык мәліметгерге ариф- метикалык тексеріс жүргізу қажет. К.ұжаттардың мазмұнын зерттеу кезінде - берілген мезгіліне көңіл бөліп, оларды күнтізбемен ал, кейбір жағдайда құжатгар- ды беру орныменен салыстыру кажет. Кұжаттың мазмұнын мұқиятталдау арқылы қүжатга берілген және көпшілікке танымал фактілер арасында, сондай-ақ істің накты жағдайларындағы кайшылықтар анықталуы мүмкін. Құжаттын мазмұнын зерттеу барысында интеллектуалдык және матсриалдыкжалғандықанықталады. Құжаттағы материал- дык жалғандыкты, құжаттың мазмұнындағы өзгерістерді куә- ландыратын белгілерді анықтау үшін тергеуші колда бар бар- лык техникалық кұралдарды (лупаларды, инфракызыл және ультракүлгін сәулелердің көздерін өлшеу құралдарын, жарық- фильтрлерді, электрооптикалыккұралдарды) пайдаланғаны жөн. Құжаттар шашыраңқы жарық, сондай-ақ тік және қиғаш түсетін бағыттағы жарықаркылы зерттелінеді. Баспа мәтіндерін, мөр және мөртаңбаларын қарау кезінде сызғыш, циркуль өлшеуіштерін пайдалану тиімді. Олар әріптердің өлшемдері мен (биіктігін, енін) олардыңарасындағы арақашықтығының айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік мөр-бедерлік шеберханада дайындалған мөр мәтініндегі әрбір сөздегі әріптердің аракашыктығы бірдей, ал 147
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==