Криминалистика

тын қүжаттар, мысалы: аныктамалықсипаттағы); шығу тегі бо- йынша (мемлекеттік мекемелерден шығатын, ресми және жеке тұлғалардан шығатын — ресми емес); дайындау тәсілі бойынша (қолмен, машинкамен, компьютермен жазылған, баспаханалық, құрама, жеңіл баспаханалык қүралдармен дайындалған және фотосурет көмегімен жасалған); шығу кезектілігі бойынша (түп нұсқа және көшірме). Кейбір жағдайда сараптамаға құжаттык емес сипатгағы объектілер де түседі (жазулары бар бөшкелердің ағаш қақпақ- тары, тақтай бөліктері, жәшіктердің бөлшектері, маталар, ме- талдан жасалған пластиналар). Аталған объектілерді құжаттар- дың нақты түсінігі бойынша құжаттарға да, олардың жасалу әдісіне де жатқызуга болмайды. Бұл объектілер құжатгардын криминалистикалык сараптамасында зерттследі, өйткені кұжат- тарды жеке зерттеуге арналған әдістер құжаттык емес сипат- тағы объектілерді зергтеген кезде жақсы нәтиже береді. Қүжат- тар қылмыстың құралы болған немесе қылмыстың іздерін сақ- тап қалған немесе қылмыстық әрекеттің объектілері болған жағдайда Кылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарына сәйкес заттай дәлелдеме бола алады. Заттай дәлелдеме болып табылатын күжаттар Қылмыстык іс жүргізу кодексіне сәйкес қарау хаттамасында толык сипатта- лып жазылып, мүмкіидігінше суретке түсіріліп және іске тіркелуі керек. Қандай да себептерге байланысты қүжаттар кыл ­ мыстык істе ^акталына алмаса, олар міндетті түрде суретке түсіріледі, буып-түйіледі, мөрленеді және анықтаушы, тергсуші, сот көрсеткен жерлерде сакталады. Егер оқиға болған жерді карау, тінту және т.б. да тергеу әрекеттерін жүргізу барысында құжат табылып, оған карау әрекеті жүргізілмеген немесе кұжатты тергеушіге - сезікті, айып- кер, жәбірленуші немесе куә ұсынған жағдайда құжаттарға жеке тергеу қарауы жүргізіледі. Тергеушіден алынатын күжаттар, яғни заттай дәлелдеме- лердің бүзылып, закымдануынан немесе қандай да бір өзгеріске ұшырауынан сақтауға барлық шараларды колдануын талап етеді. Мұндай қүжаттарды іске тігуге болмайды, олар бүктеме сызығы бойынша бүктеліп, жеке конвертте сақталады. Ескірген және жыртылған қүжаттарды қағаз бетгерінің астыңғы жағына жа- быстыруға, кыстырғышпен қысып қоюға, карындаш, қаламсап немесе үшкір затпен оларға белгі салуға болмайды. Коне (ескір- і 146

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==