Криминалистика
түрде алынбайтын болғандыктан, оларды әр түрлі жерлерден тауып алуға болады. Қаруды атқан адам гильзаларды кез кел- ген жерлерге лақтырып тастауы мүмкін. Мұндай ситуациялар револьверді қолданған кездерде кездеседі. Кейбір жағдайларда гильзалар автоматты тапаншалардың окпанында да калып коюы мүмкін. Бұған атылу мерзімінде тапаншаны қолымен үстап калу нәтижесінде бекітпе бөлігінің қабында гильзаның кысылып қалуы бірден-бір себеп болады. Оқтың тосқауылмен түйіскен бұрышы және қарудың моделі мен дистанциясы туралы (автоматтандырылған қарудың гиль- засын іздестіруге байланысты) мәліметгер оның бағытын анык- таудың көрсеткіші болып табылады. Егер салыстырмалы жақындыкта атылғандығы туралы мәлі- метгер аныкталса, онда міндетті түрде аткан тұлғаның іздерін (аяқкиім, темекі қалдықтарының және т.б. іздерін) іздестіру керек. Содан кейін табылған іздердің бағытына сүйене отырып гильзаны іздестіру жерлерін белгілеп алу қажет. Гильзаларды іздестіру барысында ұшып келе жатқан гильза алдында тұрған кандай да бір тоскауылмен соктығысып. ұшу бағытын өзгертуі мүмкін екендігін естен шығармаған жөн. Кейбір жағдайларда гильзаларды табу өте киынға соғады, олар кардың астында, шөптердің арасында калуы мүмкін. Сон- дыктан металл іздейтін құралдарды пайдалану керек. Олар нақ- ты белгіленген жерлерде жүргізіледі. Ал кейде ксрісінше алдымен гильзалар табылып, кейінен сол гильзалар бойынша карудың моделі, атқан адамныңату кезіндегі тұрған орны анықталуы мүмкін. Нөмірлену кезектілігі сактала отырып гильзаның табылған жері (орны) хаттамаға бекітіледі және схемасы сызылып көрсе- тіледі. Гильзалар масштабты сызғыштың көмегімен детальды түсірілім әдісі бойынша фото- суретке түсіріледі. Гильзалардан кол іздері та- былуы мүмкін, сондыктан да гильзаны карау кезінде оның түпкі және ауызғы бөлігінен үстаған жөн. Хаттамада гильзаны сипат- тау кезінде міндетті түрде келесі жәйттер көрсетіледі: 144
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==