Криминалистика
Оқтағы бөгде іздердің жойылып кетпеуін міндетті түрде камта- масыз ету керек. Бүл объектілер оқтың атылу жағдайы туралы кейбір мәліметтерді алуға мүмкіндіктер береді. Оқтарды қарау хаттамасында: а) оқтың формасы; ә) құры- лымдық ерекшеліктері (қабықты, жартылай қабықты және кабыксыз); октың түпкі бөлігінің сипаты; б) жасалған металы- нын түсі; в) өлшемі, ені, диаметрі; г) оқтың гильзаға бекітілу тәсілі; д) жоғарғы немесе түпкі бөлігіндегі сандық және әріптік, сондай-ак арнайы бояулармен белгіленген маркілік белгілері; окпан ойықтарының іздері (олардың саны мен бағыты, көлемі, сипаты, иілу бұрышы және т.б.) сипагтала отырып бекітіледі. Табылған оқтар жеке-жеке буып-түйіледі. Мәйіттен алын- ған оқ күрғатылады және қабаттасқан екі мақтаның ортасына салынып буып-түйіледі. Бытыралар табылғанда хаттаманың сипаттау бөлімінде бы- тыралардын саны, олардың формасы мен диаметрі, сонымен катар, олардағы іздердің сипаты көрсетіліп жазылады. Ок аңшылық карумен атылған болса, оқиға болған жерден тығын немесе төсегіштер (прокладкалар) табылуы мүмкін. Бүл объектілер жөнінде хаттаманың сипатгау бөлімінде, олардың табылған жерін көрсетіп кана коймай, сонымен катар келесідей: а) тығыннын, төссгіштердің жасалған матсриалдары, олардың түсі; ә) формасы мен өлшемі; б) маркілік белгілері; в) ату іздері туралы мәліметтер толығымен камтылып көрсетілуі тиіс. Ты- ғынды, төсегішті караған кезде: олардың табылған орны, түсі, құрамы, саусакіздері бар ма, жокпа, ондағы жазулар, суреггер т.б. да ерекшелікгері бекітілуі тиіс. Тығындарды тапқан кезде, әсіресе, колдан жасалғандарын аныктап алу және оны бүлдіріп алмас үшін өте мұкият болу керек. Колдан (кағаз не матадан) жасалған тығындар табылған кезде олардың ерекшелік сипатын анықтау үшін таза қағазға оралады және хатгамаға бекітіледі. Киізден жасалған тығындар- дыңбүйіргі беткі қабатын (кесу іздерінтабу максатымен) мұқият карау кажет. Олар ұзыннан созылған жол тәріздес болып келеді. Мүндай іздер табылған жағдайларда тексерілетін тұлғалардан, олардың колданылған құралдарын іздестіру кажет. Гилыаларды табу, бекіту және алу. Атылған гильзалардың жатқан жерін (орнын) табу жөніндегі мәселелср көбінде кол- данылған карудың түрлеріне байланысты болып табылады. Атыс қаруларының біркатар модельдерінің гильзалары автоматты 143
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==