Криминалистика
дай камора (немесе патрон) оқпанға карсы орналасқандығы жөнінде белгіленеді және каморадағы гильзалар мен патрон- дардың орналасу жүйесі жазылып бекітіледі. Қарудың оғын алып тастағаннан кейін оның маркілік белгілері, жеке құрылым- дық (конструкциялық) ерекшеліктері аныкталады. Кылмыскерлер қарудың оқпанына, әсіресе аңшы мылтығы- ның оқпанына тазарту жасаған жағдайларда, тергеуші алғашкы кезде сарапшының алдына кандай сұрақтар кою керек екендігін білмейді. Тазартудан кейін, мысалы, ең соңғы атылған октар- дың түрін анықтау мүмкіндіктері жойылады. Қарудың атылу мерізімі жөніндегі сұрактарды аныктау кажет болган жағдай- ларда оны тазартуға, сүртуге болмайды. Аталған және басқа да сұрақтарды шешу мақсатында кару окпандары жабыстырғыш ленталар аркылы бекітілген қағаз калпақшаларымен жабылуы кажет. Қарудың атылу мерзімін анықтауға байланысты зертге- улер жүргізу үшін олар сараптамаға жедел түрде жеткізілуі тиіс. Себебі қару табылған алғашқы 5 тәулік қана — бүл сүрақтарды дұрыс әрі нәтижелі шешудің кепілі бола алады. Сонымен, оқиға болған жерде табылған атыс күралына карау жүргізіп, оны сипаттау кезінде хаттамада келесідей мәліметтер міндетті түрде көрсетіліп жазылуы тиіс: • карудың табылған жері, оның жағдайы мен оқпан ұңғысы кай тұсқа қарай бағытгалған; • зауыттық немесе колдан жасалғандығы; • моделі, калибрі мен нөмірі; • металының және басқа да сыртқы кабатының түсі, жағ- дайы, тұтқасында және оқпанында зақымдану іздері бар ма, жоқ па; • механизм жағдайы (сақтандырудың, бекітпенің, серіппе- нің); • магазиндегі, патрон салғышта патронный бар-жоғы және саны; • окпан ойығынын бағыты мен саны; • окпан ұңғысының күй-жайы (май жағылу, күйік, корро зия, металдың мүжілген жері,); • оқпан ұңғысынан күйік иісі сезіле ме және баска да бөгде зат іздерінің болуы (кан, мый бөлшектері, кұм және т.б.). Окиға болған жерді карау кезіндс атыс қаруының зақымдал- ған жерлерін зертгеу - оның атылу жағдайы бойынша қүрыл- ған болжауларды ары қарай жүзеге асыруға және баска да зат- тай дәлелдемелерді іздестіруге мүмкіндіктер туғызады. і 140
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==